«Ана тілі-бәріміздің анамыз» әңгіме- диалог.
Аудандық орталық кітапхананың ұйымдастыруымен 21 ақпан Ана тілі күні «Ана тілі-бәріміздің анамыз» атты тақырыбында әңгіме- диалог оқушылардың қатысуымен өтті.
Мақсаты: Жастарды ана тіліне деген сүйіспеншілігін, ынтасын арттыру, ана тілін қүрметтеуге баулу, сөз саптау мәнерін, ой әлемін дамыту.
Іс-шараны оқу залының кітапханашысы Л.Есмурзаева кіріспе сөзбен ашып, Тіл – ұлттың асыл қазынасы екендігін, бұл қазынаны жоғалтуға болмайтындығын, оның өткендегісін байыптап,бүгінгісін біліп қана қоймай, келешегін де күн ілгері көре білетін өздерің. Тілді жасаушы – халықтың өзі. Тіл халыққа қызмет етеді. Ана тілін қадірлемеген халықтың болашағы жоқ. Қазақ тілінің байлығы, қазақ ұлтының байлығы. Осы байлықты бағалауымыз керек деді.
Әңгіме-диалогқа №1орта мектебінің 9-сынып оқушылары қатысты. Екі бөлім бойынша өздерінің білімдерін ортаға салды. «Жүйрік болсан шауып көр» тақырыбы бойынша сұрақ-жауап арқылы қатысушылар шапшаңдылық танытса, «Мақал - сөздің мәйегі» деп аталатын бөлімде тіл тұралы айтқан мақалының жалғасын тауып тапқырлықтарын ортаға салды. Сондай-ақ кітапханашы Н.Манабаева «Тілдің мерейі – елдің мерейі» атты кітап көрмесіне библиографиялық шолу жасап, «Тіл тұғыры- ұлт ғұмыры» тақырыбында слайд көпшілік назарына ұсынылды.
https://kitaphana-asa.kz/novosti-kz/236-ana-tili-b-rimizdi-anamyz-gime-dialog.html#sigFreeId92b4b58339