Жамбыл облысы Жамбыл ауданы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің «Орталықтандырылған кітапханалар жүйесі» КММ

Бексұлтан Нұржекеұлына 80 жас толуына орай «Үлкен жүректі ұлы тұлға»

Бексұлтан Нұржекеұлына 80 жас толуына орай «Үлкен жүректі ұлы тұлға»

 

Аудандық орталық кітапханада қызмет көрсету бөлімінің кітапханашысы Қ.Асхатаеваның ұйымдастырумен көркем әдебиеттерді насихаттау барысында

жазушы Бексұлтан Нұржекеұлына 80 жас толуына орай «Үлкен жүректі ұлы тұлға» тақырыбында ауыл тұрғындары арасында әдеби серуен өтті.

Мақсаты:Жазушының өмірбаяны мен шығармаларын көпшілікке насихаттау, көркем шығармаларды оқуға қызығушылықтарын ояту мен кітапханаға оқырман тарту.

Серуенде жылжымалы ашық қарау көпшілік назарына ұсынылып, қазақтың көрнекті жазушысы Б.Нұржекеұлының «Қарымды қаламгер Бексұлтан Нұржекеев» тақырыбында өмірбаяны қысқаша баяндалып, «Ерекше тағдыр иесі» тақырыбында жазушының таңдамалы шығармалары таныстырылып, «Күй толғақ», «Күтумен өткен ғұмыр», «Бір ғана махаббат», «Әйел жолы- жіңішке» 1998 жылы шыққан әңгімелер мен повестер, «Өзендер өрнектелген өлке» тарихи-этнографиялық эссе , «В ожиданий» романы, «Ерлі-зайыптылар» роман , «Бір өкініш,бір үміт», «Бейтаныс әйелдің құпиясы» әңгімелер жинағы, 2 томдық шығармалар жинағы, «Жау жағадан алғанда» романдары, «Ойұшқын» жинағы, «Өнер құдіреті» еңбегі танымдық мақалалары жинақталғаны жайлы Аса ауылындағы «Орталық алаңға», А.Жүнісов, Абай бойы, М.Мәметова, Ғ.Мұратбаев атындағы көше тұрғындарына автордың қаламынан шыққан бір топ әңгімелері,жазушының өмірінің әр кезеңдері насихатталып, көпшілікке «Балаларға арналған ертегілер», «Қазақтың көрнекті жазушысы» атты парақшалар Қаз пошта алдында, Абай көшесі бойында ораласқан «Әлеуметтік дүкенге», «I Love Asa» дүкенінің сатып алушыларына, 5 қабатты үй маңында, «Азиза» дүкені ішінде таратылып, жазушының шығармаларын оқыған тұрғындарға сауалдар қойып, таныс емес шығармаларына толықтай шолу жасалып, көптеген әдебиеттермен танысу үшін кітапханаға келуді құлақдар еттік.