Жамбыл облысы Жамбыл ауданы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің «Орталықтандырылған кітапханалар жүйесі» КММ

«Құқықтық мәдениет» жобасы  аясында «Қылмыстық және әкімшілік құқық бұзушылықтар»

Аудандық орталық кітапхана мен №1 орта мектебінің  ұйымдастыруымен «Құқықтық мәдениет» жобасы  аясында «Қылмыстық және әкімшілік құқық бұзушылықтар »  тақырыбында  алдын алу туралы әңгіме жастар арасында өтті.

Мақсаты:  оқушылардың құқықтық сауаттылығын арттырып, құқық бұзушылық және қылмыс белгілері, түрлерімен таныстыру, жасөспірімдердің құқықтары міндеттерімен таныстыру. Қоғамның заңдары мен нормаларын орындауға, құқықтарын біліп оны құрметтеуге тәрбиелеу.

Кеш қонақтары: Жамбыл аудандық полиция бөлімінің жергілікті полиция қызметі ювеналды полиция тобының учаскелік полиция инспекторы, полиция капитаны Бейсекеев Темірхан Әмірханұлы, №1 орта мектебі директорының құқықтық тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Шарипов Бауыржан, Т.Тоқтаров атындағы орта мектебі директорының құқықтық тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Оспанқұлов Айдын  Хайырболатұлы қатысты.

Іс-шараны оқу залының кітапханашысы жүргізіп, біздің елімізде адам құқықтары Ата Заңымыз – Қазақстан Республикасының Конституциясында көрініс тапқан. Ол 9 бөлім, 98 баптан тұрады. Оның екінші бөлімінің 30 бабы құқыққа арналған.. Оларға арнайы құқық бұзушылық пен жауапкершілік туралы сұрақтар қойылды. Халықтың құқықтық сауаттылығын арттыру жөнінде кешенді жұмыс жүргізу қажет, бұл -бәсекеге қабілетті ұлт қалыптастыру жөніндегі «Рухани жаңғыру» бағдарламасы қағидаттарының бірін іске асыруға жәрдемдесетін болады, - деп жастарды заңды құрметтеуге шақырды. Егемендікке қолымыз жетіп, тәуелсіз ұлттық мемлекетіміз уығын шаншып, іргесін көтергелі ғана есімізді жидық. Ғасырлар бойы қалыптасып, халқымызбен бірге жасасып, келе жатқан ұлттық тәрбие-жас ұрпақты имандылыққа, инабаттылыққа, адамгершілікке, тәрбиелеудің баға жетпес құрал екендігін айтып,  бала құқығы және тармақтарына тоқталып, жастарды өз құқұқтарын қорғай білуге, заңды білуге, саналы ойлауға, адамгершілікке шақырып, балаларды қорғау заңының тармақтарына тоқталып, толықтай ақпараттар беріп, оқушылардың қойған сұрақтарына соның ішінде Темірхан Аянның «Діни тұрғыдан құқық бұзылған жағдайда» қандай жазаға тартылады?- деген сауалына тұщымды жауаптар айтылды.

Сонымен қатар жасөспірімдерге құқық тақырыптарына қатысты сұрақтар қойып, олар өз білімдеріне сай жауаптарын айтып, қызығушылықтарын танытып, тартыса ойларын ортаға салды.

Шара соңында қызмет көрсету бөлімінің кітапханашысы А.Құрымбаева «Өз құқығыңды білгенің – дұрыс өмір сүргенің» тақырыбында ашық қарауға библиографиялық шолу жасап, «Біліп жүрейік» атты слайд  ұсынылды.