Жамбыл облысы Жамбыл ауданы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің «Орталықтандырылған кітапханалар жүйесі» КММ

«Дәстүр мен ғұрып» жобасы аясында кітапхана жанынан құрылған «Халық өнері-асыл қазына» қолөнер шеберлері клубының «Қазақтың ер-тұрман әбзелдері» сұхбат кеші

«Дәстүр мен ғұрып» жобасы аясында кітапхана жанынан құрылған «Халық өнері-асыл қазына» қолөнер шеберлері клубының «Қазақтың ер-тұрман әбзелдері»   сұхбат  кеші

Аудандық орталық кітапхана жанынан құрылған «Халық өнері-асыл қазына» қолөнер шеберлер клубының топ жетекшісі кітапханашысы Қ.Асхатаеваның ұйымдастыруымен Елбасының «Болашаққа бағдар:рухани жаңғыру» мақсаттық бағдарламасы бағытында «Дәстүр мен ғұрып» жобасы аясында  «Қазақтың ер-тұрман әбзелдері» тақырыбында Аса ауылында Достық көшесі №1 үйдің тұрғыны Абдуллин Ардақ Мұхитұлының                              үйіне барып, сұхбаттасқан жайтіміз бар.

Мақсаты: Көпшілікке ат әбзелдері жайында ақпарат бере отырып, олардың қызметтері мен жасалу материалдары жайлы мәлімет беру,. қолөнерге  деген  қызығушылықтарын арттыру.

Сұхбатты кітапханашы Қ.Асхатаева жүргізді. «Қазақ халқының қолөнері» тақырыбында көпшілікке  ақпарат беріп, «Ат әбзелдері және жегін тұрмандары» бөлімінде әбзелдерге  жеке-жеке тоқталып, сұхбат кешінің кейіпкері Ардақ мырза  ат әбзелдері жайлы әңгіме өрбіте отырып, кітапханашының қойған сұрақтарына орамды жауап қатып, бұйымдардың  жасалу әдістерінің қыр-сырларымен бөлісіп, кеңінен баяндап, бұндай қол өнердің қалай бағаланып, ата - бабаларымыз қамшының сабын тобылғыдан, өрімін таспалап тілінген қайыстан өргендігі сөз болған еді,ондай қамшыдан  12 өрімдік қамшының жасалуына 1 күн  уақыт жұмсалып, 5000 тенгеге сатылатынын  айтып, сұраныс беретін көпшілік  ауыл тұрғындары және көрші ауылдан, электронды түрде де тапсырыс беретіндер барын айтып, қолынан шыққан бұйымдарының тарихын шолып өтіп, бұл кәсіпті әкесі Мұхиттан үйреніп, бала кезінен ат әбзелдеріне әуестеніп, қол өнерге бір табан жақын болғанын тілге тиек етті. Сұхбат кешіне «Қолөнер - мол өнер» ашық қарауды қызмет көрсету бөлімінің кітапханашысы А.Құрымбаева шолу жасап таныстырды. Сондай-ақ, «Нағыз өнер-қолөнер» слайд көпшілік назарына ұсынылды.

Нәтижесінде: Ұлы дала төрінде тарихы тереңде жатқан атқа міну мәдениеті мен ат әзелдерін дәріптеп, көпшілікке кеңінен ақпарат берілді.