«Қазақстанның рухани киелі жерлері» жобасы аясында «Қазақстанның киелі жерлері – ұлттық мақтанышымыз» өлкетану музейіне саяхат
Аудандық орталық кітапхананың бастамасымен «Қазақстанның рухани киелі жерлері» жобасы аясында «Қазақстанның киелі жерлері – ұлттық мақтанышымыз» тақырыбында аудандық өлкетану музейіне жас оқырмандар арасында саяхат ұйымдастырдық.
Мақсаты:Ұлан-ғайыр жерге ғана емес, тарихи рухани мол мұраға да ие екенімізді таныту және сақтап қалу, оны ұрпақтан-ұрпаққа жеткізу, туризмді дамыту арқылы барлық елдерге паш ету, насихаттау.
Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарнамалық мақаласы аясында өлкеміздегі киелі орындарға мән беру, экологияны жақсарту, олардың картасын жасау көзделген. Осы орайда, оқу залының кітапханашысы Н.Манабаева кітапханамыздың жас оқырмандарымен аудандық өлкетану музейіне саяхаттап барып, ондағы экспанаттармен музейдің экскурсоводы И.Мыңжасарова таныстырып, «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында Қазақстанның киелі жерлері картасының тізіміне облыстан 8 тарихи-мәдени ескерткіш, ал жергілікті мәндегі өңірлік қасиетті орындар картасына 27 нысан енген.
Бүгінгі күні Жамбыл облысында 3 мыңнан астам тарихи-мәдени ескерткіш тіркеуге алынған. Олардың 5-еуі - халықаралық, 25 - республикалық, 711 - жергілікті дәрежеде, қалғаны алдын-ала тізімге алынып отыр.
ЮНЕСКО-ның «Бүкіләлемдік мәдени мұра» тізбесіне Жамбыл облысы аумағындағы Ұлы Жібек Жолы бойында орналасқан Ақтөбе (Баласағұн), Өрнек, Құлан, Қостөбе қалашықтары мен Ақыртас сарай кешені енгізілген. Алдағы уақытта «Қазақстанның киелі жерлерінің географиясына» іріктелген нысандардың фотосуреттері, сызбалары, аэрофотолары, архивтік құжаттары және аңыз әңгімелері жинақталып, «Әулиеатаның киелі жерлері» атты арнайы сайтынан да көре алатындығымызды, сол киелі жерлердің тарихымен таныстырып әңгімелеп берді.
Сондай-ақ, «Қасиетті жерлер – рухани қазынамыз» тақырыбында ашық қарау көпшілік назарына ұсынылды.
https://kitaphana-asa.kz/novosti-kz/242-aza-stanny-rukhani-kieli-zherleri-zhobasy-ayasynda-aza-stanny-kieli-zherleri-ltty-ma-tanyshymyz-lketanu-muzejine-sayakhat.html#sigFreeId1ca8a1512a