Жамбыл облысы Жамбыл ауданы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің «Орталықтандырылған кітапханалар жүйесі» КММ

22-Наурыз Ұлыстың Ұлы күніне орай «Наурыз-табиғаттың таңғажайыбы» дәріптеу кеші

22-Наурыз Ұлыстың  Ұлы күніне орай «Наурыз-табиғаттың таңғажайыбы»  дәріптеу кеші

 

Аудандық орталық кітапхананың ұйымдастыруымен 22-Наурыз Ұлыстың  Ұлы күніне орай «Наурыз-табиғаттың таңғажайыбы» тақырыбында  дәріптеу кеші   кітапхана оқырмандары арасында  өтті.

Кештің мақсаты: «Наурыз» мейрамы туралы түсінік беру арқылы қазақ халқының салт - дәстүрін көрсету және оны құрметтей білуге тәрбиелеу: Наурыз мерекесінің қазақ даласындағы орны, наурыз мерекесі туралы түсінік беру, Наурыз мерекесін ұлттық салт - дәстүрімізбен, әдет-ғұрпымызбен байланыстыра насихаттап, ұрпақтардың өз ұлтына деген сүйіспеншілігін арттыру.

Кешті  кітапханашы А.Құрымбаева кіріспе сөзбен ашып, наурыз күні мерекесімен көпшілікті құттықтап, Наурыз күні жайлы толық түсінік берді.

Іс – шара барысында «Қазақша күрес», «Қолкүрес», «Арқантартыс», «Тоғызқұмалақ» ұлттық ойындар ойнатылып,  «Наурыз көжеден» жиналған қауым дәм татып, салтымыз кеңінен насихатталды.

Кеш соңына іс – шараға арнайы ұйымдастырылған «Төрлет, төрлет Наурыз» тақырыбында кітап көрмесін кітапханашы Қ.Асхатаева  таныстырып, шолу жасалып, «Жыл басы –Наурыз» тақырыбында слайд көпшілік назарына ұсынылды.

 

Мәліметті дайындаған:                                    А.Құрымбаева