Жамбыл облысы Жамбыл ауданы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің «Орталықтандырылған кітапханалар жүйесі» КММ

Тәуелсіздігіміздің 30 жылдығына орай «Ұлы даланың жеті қыры уақыт пен кеңістік тоғысындағы ұлт» тақырыбында конференция

Тәуелсіздігіміздің 30 жылдығына орай «Ұлы даланың жеті қыры уақыт пен кеңістік тоғысындағы ұлт» тақырыбында конференция

Аудандық орталық кітапхананың ұйымдастыруымен  Тәуелсіздігіміздің 30 жылдығына орай «Ұлы даланың жеті қыры уақыт пен кеңістік тоғысындағы ұлт» тақырыбында конференция зиялы қауым өкілдері мен  жастар арасында өтті.

Мақсаты: Ата - бабамыздың тәуелсіздік жолындағы ерлігін үлгі етіп, Тәуелсіздік алғаннан кейінгі Қазақстанның дербес мемлекет ретінде қалыптасу тарихына шолу жасау, еліміздің жеткен жетістіктері мен рухани игі өзгерістер белесін көпшілікке таныту. 

Конференцияны оқу залының кітапханашысы Нурипа Манабаева жүргізді.  Іс-шараға Жамбыл аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Сырлыбаев Бақыт Уәлиұлы және мүшелері: Ережепбаев Сайлаубек пен Күзербаев Сәрсен, Бауыржан Момышұлы атындағы мектеп-лицейінің  тарих пәнінің мұғалімі Малдыбаев Нышанбек Сматұлы , Юрий Гагарин атындағы мектеп- лицейінің тарих пәнінің мұғалімі  Рахметова Кенжегүл Абдыхалыққызы,  «Нұр Отан» партиясы жамбыл аудандық филиалының консультанты Кикбаев Бақытжан Нұржанұлы, Қазақ  ұлттық аграрлық зерттеу университетінің білімгері Садралиева Нұрай Алимұратқызы,  «Шұғыла- Радуга» газетінің тілшісі Жетпісбай Ақжігіт және онлайн түрде Қалқабай Сартбаев атындағы  орта мектебінің тарих пәнінің мұғалімі Үкібаев Ерболат  және Бауыржан Момышұлы атындағы мектеп-гимназиясының қазақ тілі және қазақ әдебиет пәнінің мұғалімі Данбаева Жанар Жандулайқызы қатысты.

«Тәуелсідік тарихының тамыры тереңде» тақырыбында  Сырлыбаев Бақыт Уәлиұлы сөз бастап,  Сайлаубек ,Сәрсен қариялар тарихтан құр алақан емес екендерін білдіріп,  сонау нәубәт жылдарға тоқталса, Б.Момышұлы атындағы мектеп-лицейінің  тарих пәнінің мұғалімі Малдыбаев Нышанбек Сматұлы Тәуелсіздігімізді алған  ХХ ғасырды ерекше атап,  қазақ елінің тарихын кеңінен таныстырып өтті. «Тәуелсіздік ата-баба арманы» тақырыбында Юрий Гагарин атындағы мектеп- лицейінің тарих пәнінің мұғалімі  Рахметова Кенжегүл Абдыхалыққызы  еліміздің рәміздерін атап,тарихына және  оны қастерлеп құрметтуіміз керек десе, Кикбаев Бақытжан осы отыз жылда жеткен жетістіктерімізді мақтана айтты.

Жанар Жандулайқызы «Ұлы даланың жеті қыры» атты мақаласы –құнды дүние. Елбасының бұл мақаласы- «Рухани жаңғыру» бағдарламасының жалғасы екендігін осы жеті қырын бейне ролик арқылы толыққанды терең баяндап берді, сондай-ақ, Ерболат ағамыз да тархтан сыр шертіп, Тәуелсіздік мерекесімен барашамызды құттықтады.

Кешті жас буынымыз Садралиева Нұрай  аяқтап, ата-бабаларымыздың алып берген Тәуелсіздігімізді сақтап, ары қарай ұстап тұру біздің қолымызда және ол үшін аянбай еңбек етуге әрқашанда даяр екенін жеткізді.Тағылымы мол кешті оқу заланың кітапханашысы Ләйлә Есмурзаева  «Тарихтан тамшы сыр» тақырыбында кітап көрмесіне библиографиялық шолу жасап таныстырды. «Тұрақтылық – Тәуелсіздік тұғыры» атты слайд көпшілік назарына ұсынылды.

Нәтижесінде: Бүгінгі күн – ертең тарих. Сондықтан да тағылымы мол тарихты тереңнен қазған конференциямыздың жастарға берер өнегесі мен тәрбиесі мол болды . Тәуелсіздігіміз ұлықталды.