«Парасат жолы» орталығында
02.04.2021 жылы Жамбыл ауданы Аса ауылы аудандық орталықтандырылған кітапханасының «Парасат жолы» орталығында ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігі төрағасының Кеңесшісі Жазира Жақсылыққызы Жылқышиева; Республикалық «Парасат жолы» орталығының басшысы Сәдібек Түгел; ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департамент басшысының 1-ші орынбасары Төлебаев Равиль Қуанышбайұлы; Жамбыл ауданының әкімі Арубаев Сәкен Қаланұлы және Жамбыл ауданының зиялы қауым өкілдерінің қатысуымен «Ата-баба сөзі- даналық көзі» тақырыбында тікелей эфир ұйымдастырылды.
Жамбыл аудандық «Парасат жолы» орталығының зиялы қауым өкілдері:
1.Жапаров Рахымбек Керімқұлұлы- Жамбыл ауданы Билер кенесінің төрағасы
2.Күзербаев Сәрсенбай- ардагерлер кеңесі мүшесі
3.Малдыбаев Нышанбек Сматұлы- тарихшы
4.Сапарбеков Алтынхан Мадибекович- Жамбыл ауданының Құрметті азаматы
5.Тәжібаев Ернар Мәденұлы- Педагог қызметкерлерінің кәсіподағының төрағасы
6.Алтынбеков Нұрсұлтан Серікұлы– жас өлкетанушы
7.Бегалиева Ақерке Махамбетовна- жастар белсендісі
8.Төлентаев Байтанағали-ақын-жазушы
9.Тоғанбаева Индира Бекенқызы-Жамбыл аудандық мәслихат депутаты
МАҚСАТЫ: Ата-бабамыздан мұра болып қалған Заңдар, дана сөздер мен ақыл-кеңестерді өскелең ұрпаққа насихаттай отырып, жастардың бойында ұлтжанды рухын ояту, патриоттық тәрбие беру.
Өту барысы: Алғашқы сөз Жамбыл ауданының әкімі Арубаев Сәкен Қаланұлына берілді. Аудан әкімі кездесуге келген қонақтармен таныстырып, жұмысқа сәттілік тілеп, келесі сөз кезегін Республикалық «Парасат жолы» орталығының басшысы Сәдібек Түгел.
Кездесу барысында сыбайлас жемқорлықпен күрес мәселелері, қазіргі жастарымыздың тәрбиесі деген сауалдарға орталық мүшелерімен пікір алмасу, орамды әңгемелер өрбітілді.
Кездесу соңында «Парасат жолы» орталығының жетекшісі Қ.Байкеева ...“Егер әрбір қазақстандық өз тағдырының еңбекқор қожайынына айналмаса, елдегі бар жақсыларын қадірлемесе, оны еселемесе онда мемлекет халықтың әл-ауқатының деңгейін арттыру үшін қаншалықты күш-жігер жұмсаса да, жағдай жақсармайды” деп ҚР Тұңғыш Презинденті Н.Назарбаевтың сөзімен аяқтады.
https://kitaphana-asa.kz/novosti-kz/245-parasat-zholy-ortaly-ynda.html#sigFreeId4c1f29ced1