«Ақпараттық кеңістік және заманауи кітапхана» аймақтық семинар
Жамбыл аудандық орталықтандырылған кітапханалар жүйесінде ауылдық кітапханашылардың қатысуымен «Ақпараттық кеңістік және заманауи кітапхана» атты аймақтық семинар өтті. Семинар барысында кітапхана директоры Аида Қуанышқызы биылғы жылғы «Бейбітшілік пен келісім» жобасы аясында ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығы, «Балалар мен жасөспірімдердің кітап оқуын қолдау жылы», «Парасат жолы» орталықтарының жұмыс барысын жүргізілуін нақтылап өтті.
Сонымен қатар аудандық балалар мен жасөспірімдер кітапханасының кітапхана меңгерушісі Ш.Тулепбергенова 2021 жыл Қазақстандағы балалар мен жасөспірімдердің кітап оқуын қолдау жылындағы кітапханадағы атқарылған жұмыстары бойынша слайд-баяндама жасаса, Ерназар ауылдық кітапханасының кітапхана меңгерушісі Ұ.Аликулова 1-тоқсан бойынша атқарылған жұмыстардың есебін берді. Семинар соңында әдіскер А.Адилова рухани жаңғыру аясында өткізілген іс-шараларға тоқталып өтіп, алдағы жоспардағы жұмыстарына сәттілік тіледі.
https://kitaphana-asa.kz/novosti-kz/246-a-paratty-ke-istik-zh-ne-zamanaui-kitapkhana-ajma-ty-seminar.html#sigFreeIdd4159ce643