Жамбыл облысы Жамбыл ауданы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің «Орталықтандырылған кітапханалар жүйесі» КММ

«Әлдихан Қалдыбаев оқулары» аудандық байқау

«Туған жер» жобасы аясында «Әлемді кітап арқылы танимын» көркем әдебиет туындыларын ең көп оқитын оқырмандар арасында өтетін «Әлдихан Қалдыбаев оқулары»  аудандық байқау

 

Жамбыл аудандық балалар мен жасөспірімдер кітапханасының ұйымдастыруымен Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласының «Туған жер» жобасы аясында «Әлемді кітап арқылы танимын» көркем әдебиет туындыларын ең көп оқитын оқырмандар арасында өтетін «Әлдихан Қалдыбаев оқулары»  аудандық байқау болып өтті.

Байқаудың мақсаты:

  • балалар жазушысы Әлдихан Қалдыбаевтың өмірі мен шығармашылығын балаларға тереңірек оқыту;
  • балаларға арналған сан-алуан тақырыптағы танымдық тәрбиелік туындылары арқылы балалардың қазақтың тілі мен әдебиетіне, мәдениетіне деген ықыласын арттыру және көркем сөз оқу шеберлігін, тіл мәдениетін жетілдіру;
  • рухани-адами тәрбие беру, ұлтжандылық қасиеттер қалыптастыру;
  • балалар мен жасөспірімдер арасында кітапқа деген қызығушылықты арттыру;
  • оқу мәдениеті мен сауаттылықты нығайту;
  • кітапханаға бетбұрыс жасау

Кештің  құрметті қонақтары және әділқазылар алқасы мүшелері:

Д. Қонаев атындағы Жамбыл облыстық балалар мен жасөспірімдер кітапханасының бөлім меңгерушісі Сағатбекова  Нұргүл

Жамбыл аудандық әкімдігі мәдениет және тілдерді дамыту бас маманы Анарбай  Тұрсынхан  Серікханұлы

ПД. Қонаев атындағы Жамбыл облыстық балалар мен жасөспірімдер кітапханасының кітапханашысы  - Жадикбаева Гүлмира

«Шұғыла - Радуга»  газетінің тілшісі Шахабай Құрбанәлі болды.

  

Байқау шымылдығы  «Желдірме» фольклорлық ансамбілінің орындауында Р. Қойшыбаевтың  «Қарахан» күйімен ашылды.

Сайыскерлер 4 кезең бойынша сынға түсті. Нәтижесінде «Бас жүлдені» Бауыржан Момышұлы мектеп гимназиясының 2 сынып оқушысы Ешназар Гүлдария  иеленіп, облыстық байқауға жолдама алды. 1 орынды  Ю. Гагарин атындағы мектеп - лицейінің 4 сынып оқушысы Жаңабек Бақкелді  қанжығалады. Ю. Гагарин атындағы мектеп-лицейінің 4 сынып оқушысы Жұмабай Асия  2 орынды иеленсе, 3 орынды Б.Момышұлы атындағы мектеп гимназиясының 2 сынып оқушысы Мұқашқан Алдиярхан Дәуренұлы қанағат тұтты. Кітапхананың кішкентай белсенді оқырманы Жұмағұл Меруерттің орындауындағы әсем әндер кеш ажарын ашты.

Кеш соңында жеңімпаздарға сыйлықтар тапсырылып, марапатталды.