Жамбыл облысы Жамбыл ауданы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің «Орталықтандырылған кітапханалар жүйесі» КММ

«Дәстүр мен ғұрып» жобасы аясында кітапхана жанынан құрылған «Халық өнері-асыл қазына» қызығушылық клубтың ұйымдастыруымен «Қолөнері-қазақтың төл өнері» тақырыбында клуб мүшелері мен жастар арасында жүздесу кеші

Аудандық орталық кітапхана мен «Техникалық  шығармашылығы және кәсіби  бағдар беру орталығы» бірлесе, Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақсаттық бағдарлама бағытында «Дәстүр мен ғұрып» жобасы аясында кітапхана  жанынан құрылған  «Халық өнері-асыл қазына» қызығушылық клубтың ұйымдастыруымен «Қолөнері-қазақтың төл өнері» тақырыбында клуб мүшелері мен жастар арасында жүздесу кеші өтті.

Мақсаты: Жастарды қазақ халқының мол қолөнер үлгілерімен таныстыра отырып, халық өнерін қастерлеуге, үлгі тұтуға үйрету,қолөнермен  айналысатын кәсіптер туралы мағұлматтар бере отырып,кәсіптік бағдар беру, мамандыққа деген ынтасын арттыра отырып, еңбекқорлыққа, шеберлікке, ұлттық салт-дәстүрімізді құрметтеуге баулу, қолөнерге деген қызығушылықтарын арттыру, әсемдікті тани білуге баули отырып, эстетикалық ой өрісін дамыту, адамгершілікке тәрбиелеу. 

Кеш қонақтары: Мәдениет үйінің суретшісі, «Халық өнері – асыл қазына» атты қолөнер шеберлер клубының мүшесі, ағаш өнерін дамытып жүрген шебер Сейітхан Айдар Абдрахманұлы,«Техникалық  шығармашылығы және кәсіби  бағдар беру орталығы» «Әуе үлгілеу» үйірмесінің жетекшісі Отарбаев Қайрат  Дәулетқұлұлы, «Киім үлгілеу» үйірмесінің жетекшісі Нысанова Эльмира Тәттібекқызы,«Қолөнер» үйірмесінің жетекшісі Ибрагим Ботагөз Ибрагимқызы  қатысты.

Жүздесу кешін қызмет көрсету бөлімінің кітапханашысы Қ.Асхатаева жүргізіп, кешке арнайы шақырған қонақтарды көпшілікке таныстырды.Іс-шара барысында «Ұлттық өнер – ұлылығымыздың белгісі» бөлімінде рухани құндылықтар жайында тілге тиек етіп, ақпарат берді. Кеш «Өнер – таусылмас азық» бөлімінде шеберлердің қолынан шыққан бұйымдарды жиналған қауымға таныстыра отырып, қандай құралдар қажет, осынау ұлттық құндылықты дәріптеу, қол өнерді жаңғырту бойынша білімді қайдан алу керек деген сауалдарға, мардымды жауаптар қатып, кеш қонақтары әрбір бұйымның жасалу әдісі мен сол бұйымды жасау үшін қанша уақыт пен материал қажет екендері және әр қонақ қандай оқу орындарын бітіріп, бір-бір мамандық иелері екенін баяндап беріп,үйірмелерде қатысатын балалар санын атап, әр үйірмеде шәкірттері қызығушылық танытып, құлшыныспен ден қоятындары тілге тиек болып, атадан қалған өнерді өлтірмей әрмен қарай жалғастыру парыздары екенін айтып, кеңестерімен бөлісті. Сондай-ақ, «Халықаралық шығармашылық және білім академиясының» ұйымдастыруымен өткен  «Түстер әлемі» байқауының «Қолөнер» номинациясы бойынша аталмыш орталықтың «Қолөнер» үйірмесінің оқушылары Қалнұр Нұрғазиева, Мунира Ибадуллаева жүлделі І орынды иеленгенін айтып өтті.

Жүздесу кешін «Техникалық  шығармашылығы және кәсіби  бағдар беру орталығы» ақпараттық бөлімінің меңгерушісі Түркменова Эльмира Жалғасқызы қорытындылап, кітапханашыларға алғыс білдірді. Кеш соңына арнайы жасақталған  «Ұлттық құндылықтар ұмытылмайды» атты  ашық қарауды қызмет көрсету бөлімінің кітапханашысы А.Құрымбаева таныстырып, шолу жасады. Сондай-ақ, кешке «Өнерлінің қолы алтын» слайд көпшілік назарына ұсынылды.