«Бар жақсылық балаларға» тақырыбында кітапханаға саяхат
Аудандық орталық кітапхананың бастауымен Қазақстандағы балалар мен жасөспірімдердің кітап оқуын қолдау жылына орай «Балалар мен жасөспірімдер кітабы айлығы» жобасы аясында «Бар жақсылық балаларға» тақырыбында кітапханаға саяхат ұйымдастырдық. Саяхатта қызмет көрсету бөлімінің кітапханашысы Қ.Асхатаева балаларға кітапхананы аралата отырып, әр бөлімнің тыныс тіршілігін көздерімен көріп,кітаптармен танысу мүмкіндігін туғыза отырып, бөлімдердегі әдебиеттермен таныстырды. Атап айтатын болсақ
«Кітап – адамның ішкі мәдениетін, рухын, ұлтжандылықты қалыптастыратын негізгі құрал» дей келе кітапханадағы кітап қорын толықтыру және өңдеу бөлімінің кітапханашысы Ақмарал Қырықбаева жаңа әдебиеттерді таныстыра отырып, балаларды сөзге тартып, қызықты оқиғаларға қызығушылық танытатын балаларға біраз ақпарат беріп, әнші Бағлан Әдірайымның «Ақ пен Қара» атты кітабы жайында, 100 оқулық бағытында көптеген кітаптардың келіп түскенін баяндап берді. Кітапхананың электронды залында цифрландырылған ақпараттық орталықта анықтамалардың 30 астам түрі берілетіні құлақдар етіліп, интернет желісін оқырмандар пайдалана алатыны сөз болды. Сондай- ақ, «Коворкинг» орталығы ашылғалы ол жерде түрлі бағытта іс-шаралар өткізіліп тұратыны айтылып, жастар белсенділік танытып жатқаны мәлімделіп, саяхатты оқу залында жалғасын тауып, кітапханашы Ләйлә Есмурзаева бөлімнің жұмысын таныстыра отырып, тілге, Тәуелсіздіктің 30 жылдығына, Президент пен Елбасының жолдауларына арналған және өлкетануға, атаулы мерейтой иелеріне арналған көрмелеріне шолу жасап,таныстырса, қызмет көрсету бөлімінің кітапханашысы Ақдана Құрымбаева бөлімнің мол кітап қорын таныстырып, сала бойынша орналасқан бірнеше кітаптарға тоқталып өтті. Саяхат Кітапханада ұйымдастырылған тұрақты «Рухани жаңғыру-ұлт болашағы», «Бір ел-бір кітап», «Жамбыл-ұлы заманның ұлы ақыны» атты кітап көрмелері таныстырылып,библиографиялық шолулар жасалды.
https://kitaphana-asa.kz/novosti-kz/251-bar-zha-syly-balalar-a-ta-yrybynda-kitapkhana-a-sayakhat.html#sigFreeId589dffd68b