«Сәулелі жырдың сарбазы»
Аудандық орталық кітапхананың ұйымдастыруымен Ақын, драматург, әнші, сазгер Бәкір Тәжібаевтың туғанына 95 жыл толуына орай «Сәулелі жырдың сарбазы» тақырыбында әдеби отау жастардың арасында өтті.
Мақсаты: Дарынды талант иесі, ақын, драматург Бәкір Тәжібаев туралы түсініктер беру, оның жырларымен, әндерімен, өмірімен таныстыру. Талант иесін қадірлей білуге, елін сүюге тәрбиелеу.
Іс - шарада кітапханашы Н.Манабаева Бәкір Тәжібаевтың өмірбаяны, шығармалары, әндері туралы мәліметтермен таныстырды. «Ана»,«Қазақстан-Гүлстан»,«Туған жер»,«Нан туралы жыр»,«Жүреді менің ойымда»,«Қазақ қызы»,«Замандастар мерейі»,«Өмір туралы толғау»,«Шілдехана сыры» атты өлеңдері ел-жұртына, достарына, қазақ халқына, замандастарына, анасына деген ыстық махаббатынан туған, сезімге толы дүниелері туралы айтып, «Сахна жұлдызы», «Жыр - жолаушы» атты кітаптарына оқу залының кітапханашысы Л.Есмурзаева библиографиялық шолу жасады.
https://kitaphana-asa.kz/novosti-kz/252-s-uleli-zhyrdy-sarbazy.html#sigFreeId5616e18646