«Ұрпақтар ұмытылмайтын Жеңіс»
Аудандық орталық кітапхананың ұйымдастыруымен 9-мамыр Жеңіс күніне орай «Ұрпақтар ұмытылмайтын Жеңіс» тақырыбында Бауыржан Момышұлы атындағы мектеп-гимназиясында 8-сынып оқушыларының қатысуымен ерлік сағаты өтті.
Мақсаты: Жастарға ҰОС –ның ардагерлерінің ерен ерлігі мен еңбегін насихаттау, Жеңістің қадір-қасиетін түсіндіру. Отансүйгіштікке баулу. Патриоттық сезімдерін ояту.
Іс-шара барысында оқу залының кітапханашылары Н.Манабаева кіріспе сөзбен ашса, Л.Есмурзаева ҰОС –ның батырларының өмірі туралы таныстырып, екінші дүниежүзілік соғыс туралы , ондаған мың қазақстандық ерен еңбегі мен ерліктері үшін марапатталса, бес жүзден астам адам Совет Одағының Батыры атанды, төрт адам бұл атаққа екі мәрте ие болды. Олар – Талғат Бигелдинов, Сергей Луганский, Леонид Беда, Иван Павловтар туралы кеңінен мағлұмат берді. Жастар ісі тәжірбиесі бойынша маман Дюсуп Гүлай Қасым Аманжоловтың «Бауыржан» атты жыр –шумағын мәнерлеп оқып берді.
Сондай-ақ, «Бейбіт күн жасасын әлемде» тақырыбында ашық қарау библографиялық шолу жасап, Батыр аталарымыз ерлікпен жеткізген жеңіске тағзым етіп, әрбір бейбіт күніміз үшін қатары сиреп қалған ардагерлерімізді қадірлеп, бас иіп жүрейік – деп еліміздің тыныштығын сақтап қалуға шақырды.
https://kitaphana-asa.kz/novosti-kz/253-rpa-tar-mytylmajtyn-zhe-is.html#sigFreeIdf913400003