«Алма мен қызғалдақ табиғаттың адамзатқа берген сыйы»
Аудандық орталық кітапхананың ұйымдастыруымен Елбасының «Ұлы даланың жеті қыры» мақсаттық бағдарламасы бойынша «Қазақстан:Алма мен қызғалдақ отаны» жобасы аясында «Алма мен қызғалдақ табиғаттың адамзатқа берген сыйы» тақырыбында №1 орта мектептің 8 «В» сынып оқушыларының қатысуымен тақырыпты кеш өтті.
Кештің мақсаты: Елбасының мақаласын еске түсіру, алма мен қызғалдақтың тарихымен таныстыру, Қазақстаннан шыққан мол дүниені әлемдік тарих пен игіліктер қоржынына салу, оларды дәріптеу, оған халықтың сенімі мен қызығушылығын ояту, тарихқа жаңаша көзқараспен үңілу,әдемілікті сезіне білуге, табиғатты қорғауға, адамгершілікке, ұқыптылыққа, бастаған ісін аяқтай білуге тәрбиелеу,әлем мойындап отырған ғажайып өсімдігімізді өзгелерге насихаттап, мақтаныш етіп қана қоймай, көбейтіп өсіруді, қорғауды қолға алу.
Тақырыпты кештің қонақтары:аудандық ардагерлер кеңесінің мүшесі Күзербаев Сәрсен, №1 орта мектептің Құрманалиева Зарина Исмағұлқызы, «Шұғыла – Радуга» газетінің тілшісі Асанов Жәнібек қатысты.
Іс – шара барысында «Ұлы даланың рухани мұрасы» тақырыбында ақпарат беріліп,кеш қонағы Сәрсен ақсақал алма мен қызғалдақтың тарихи отаны Қазақстан екенін атап өтіп, көптеген тың мәліметтермен бөлісіп, рухани құндылықтар жайында сөз қозғап, қатысушылардың қызығушылықтарын арттырды. Кітапханашы Қ.Асхатаева қазіргі бүкіл әлем алма атаулының арғы атасы – Сиверс алмасының Қазақстанда өсіп-өнгені жөнінде толық ақпарат берді. Сиверс алмасының Іле Алатауы баурайынан Ұлы Жібек жолының көне бағыты арқылы алғашқыда Жерорта теңізіне, кейіннен бүкіл әлемге таралғаны жөнінде мәліметтер келтіріп, Қызғалдақ пен алманың таралуы мен көбеюіне тоқталып, aлмaның пaйдacы мeн зияны жaйлы айтып, қатысушылар пiкipлерiн opтaғa caлды.
Кеште «Ұлы даланың жеті қыры» атты мақаланың мәні елімізде жүзеге асырылып жатқан «Рухани жаңғыру» бағдарламасының жалғасы ретінде көпшілікке баяндалып, Қазақстаннан шыққан мол дүниені әлемдік тарих пен игіліктер қоржынына сала отырып, оларды дәріптеу және қорғау қажеттігін айтып, салмақты сөз сабақтап кешті қорытындылады. Іс шараға арнайы ұйымдастырылған «Көркем көркі – қызғалдақ» ашық қарауды қызмет көрсету бөлімінің кітапханашысы А.Құрымбаева таныстырып, библиографиялық шолу жасады және кешке «Қазақстанның өсімдіктер дүниесі» слайд көпшілік назарына ұсынылды.
https://kitaphana-asa.kz/novosti-kz/254-alma-men-yz-alda-tabi-atty-adamzat-a-bergen-syjy.html#sigFreeId2da2989f8d