Жамбыл облысы Жамбыл ауданы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің «Орталықтандырылған кітапханалар жүйесі» КММ

«Сырласу» қыз-келіншектер клубының «Әжелер кеңесі – тәрбие мектебі»

 

«Сырласу» қыз-келіншектер клубының «Әжелер кеңесі – тәрбие мектебі»

Аудандық орталық кітапхананың ұйымдастыруымен «Сырласу» қыз-келіншектер клубының «Әжелер кеңесі – тәрбие мектебі» тақырыбында өнеге кеші  клуб мүшелері мен жастар арасында өтті.

Мақсаты: Балаларды әжеге деген сүйіспеншілікке баулу. Әже еңбегін ардақтап, мейірімділікке сый - құрметке тәрбиелеу, ой – өрісін,  ойлау қабілеттерін дамыту. Жастарға  ата - ана алдындағы парызы мен қарыздары туралы түсініктеме беру.
              Өнеге кешін оқу залының кітапханашысы Н.Манабаева жүргізді.Кітапханамыздың тұрақты зейнеткер оқырманы  Калыбекова Гүлмира Нұрмұханқызы  қатысты.  Өзінің өмір жолы мен таныстырып, төрт бала тәрбиелеп, содан он бір немере сүйіп отырған әжемін, үлкен немересін өзінің бауырына басып өсіріп жатқандығын, тәтті болатынын, «өз балаңды өскенше, немереңді өлгенше бағасың»  деген осы екен деді.  Ал бірақ, әже тәрбиесін көрген азаматтарды анадайдан танисың. Ең басты ерекшелігі сол, ондай жан барын­ша бауырмал болады. Өйткені әжесі ондай баланы көбінесе құшағына алып, қашан көзі ілінгенше айналып-тол­ғанып, бойын­дағы бар жылуын беріп, бауы­рына басып жататын. Осын­­дай қамқорлық көрген соң өрен мей­і­­рімді болып өсетін. Қолындағы ойын­­шы­ғын, тәттісін біреуге беруге ты­рысатын.

Өзіміз әже мектебін көргендерді дәл осы – бауырмал мінезінен танимыз. Қандай қызметте, қандай лауа­зымды атқарып жүрсе де әже мекте­бінен шыққандар бойындағы айрық­ша жы­лы­лығынан кімнен тәр­бие алғанын біл­діріп тұрады сондықтан да, үлкендерден үлгі алып, тәрбиесінен сабақ алыңдар- деп, жастарға кеңес берді. Қойылған сұрақтарға жауап тұщымды жауап берді.