«Тарихтың табан тірері ақиқат» саяси сағат
Қазақ халқының тарихындағы қасіретті кезеңде солақай саясаттың сол жылдары талай адамның аштықтан өлім құшқанын көздерімен көрген азаматтарды үлгі тұту, қазақ халқының зиялылары туралы мағлұмат беру мақсатында аудандық орталық кітапхананың ұйымдастыруымен 31-мамыр Саяси қуғын – сүргін құрбандарын еске алу күніне орай «Тарихтың табан тірері ақиқат» атты саяси сағат жастар арсында өтті.
Іс- шараны Оқу залының кітапханашылары Нурипа Манабаева мен Ләйлә Есмурзаева екі тілде жүргізіп отырды. Кеш қонақтары: Молоденко Эмма Андреевна, Бауыржан Момышұлы атындағы мектеп – гимназиясының тарих пәнінің мұғалімі Шыныбаева Индираны көпшілікке таныстырды. Эмма апайға арнайы дайындалған сұрақтар қойылып, нәубәт жылдарында бастарынан өткен зардаптарымен жазықсыз жапа шеккендері жайлы тебіренте әңгімелеп, көздеріне жас алды. Индира Жақсылықбайқызы қуғын сүргін, ашаршылық туралы слайд арқылы әңгімелеп, жастарға ондай қиыншылық ешкімнің басына бермесін деп, тарихымызды білу әрбір қазақтың парызы, құрметтейік деді.
Репрессияның шығу себебіне, тұтас тарихына қызмет көрсету бөлімінің кітапханашысы А.Құрымбаева тоқталып, «Зұлмат жылдар жаңғырығы» атты ашық қарауға библиографиялық шолу жасады.
https://kitaphana-asa.kz/novosti-kz/259-tarikhty-taban-tireri-a-i-at-sayasi-sa-at.html#sigFreeId81ddaeb8a5