Туған жерім қасиетті мекенім
Рухани жаңғыру мақаласының «Туған жер» жобасы аясында «Туған жерім қасиетті мекенім» кездесу кеші жастар арасында өтті.
Мақсаты: Жастардың бойына өз Отандарына деген, туған жерлеріне деген сүйіспеншілікті, қамқорлықты тәрбиелеу, достық пен өзара сыйластық сезімдерін дамыту.
Іс-шара барысында оқу залының кітапханашысы Н.Манабаева Мемлекет басшысы өзінің «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласында «Туған жер» бағдарламасын ұсынып, жас ұрпақтың бойына сүйіспеншілік, патриоттық сезімді қалыптастыруымыз керектігі туралы айтып, кеш қонағымен таныстырды.
Кезінде заманның қыспағына ұшырап, жер жүзіне тарыдай шашырап кеткен қандастарымыз Тәуелсіздік алғалы атамекенге орала бастады. 30 жылдың ішінде миллиондаған этникалық қазақ туған жерге оралып, елдің дамуына үлес қосып келеді. Солардың бірі Өзбекстан Республикасының Науайы облысының Шонтыбай ауылынан көшіп келген кітапханамыздың тұрақты оқырманы зейнеткер, қандасымыз Сарсенбаева Тазагүл Сарсенқызы қатысты. Ол, өз сөзінде бір ғана мақсатым балаларым мен немерлерім тарихи Отанында тұрса екен деген арман болды. Тазагүл апай кезінде ата-бабаларымыз Қазақстаннан кетер кезде бір уыс топырақ ала кеткен екен, туған жердің топырағы бізді осында тартып тұрды. Сол арманның жетегімен Қазақстанға келдім. Мұнда Мемлекет тарапынан көрсетілетін барлық көмектерді алып, үйлі баранды болып, 7 бала 21 немере, 10 шөбере сүйіп отырған бақытты әжемін. Аллаға сансыз шүкір. Ата –бабамның кіндік қаны тамған жер. Мен үшін Қазақстан қымбат, ыстық. Еліме, жұртыма шын ризамын, Тәуелсіздігіміз мәңгі, еліміз тыныш болсын деп, жастарға ізгі тілегін жаудырды. Отанды, туған жерді құрметтеуге, сақтауға шақырды.
Сондай-ақ, іс-шара соңында кітапханашы «Мың жылдықтар шежіресін шерткен өңір» атты ашық қарауға библиографиялық шолу жасалып, «Туған жерім-тұғырым» атты слайд көпшілік назарына ұсынылды.
https://kitaphana-asa.kz/novosti-kz/260-tu-an-zherim-asietti-mekenim.html#sigFreeId428467427d