«Үнем-қоғам қуаты» жобасы аясында Үнемдей білеміз бе?
Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақсаттық бағдарламасын жүзеге асыру бойынша «Үнем-қоғам қуаты» жобасы аясында «Үнемдей білеміз бе?» әңгіме-диалогтың
Аудандық орталық кітапхананың ұйымдастыруымен Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақсаттық бағдарламасын жүзеге асыру бойынша «Үнем-қоғам қуаты» жобасы аясында «Үнемдей білеміз бе?» тақырыбында зиялы қауым өкілдері мен жастар арасында әңгіме-диалог өтті.
Кештің мақсаты: Жастардың білімпаздыққа, ізденімпаздыққа тәрбиелей отырып, өз ойын ашық айта білетін қабілетті тұлға қалыптастыру. Жастарға үнемдеу мен ысырап жайлы мағлумат бере отырып, олардын шығу жолдарын түсіндіріп, күнделікті өмірде пайдалана білуге тәрбиелеу.
Кеш қонақтары: Жамбыл аудандық ардагерлер кеңесінің мүшесі Жарасов Тойшыбек Ошанұлы
Дүнежүзілік қазақтары қауымдастығының Жамбыл облысы, Жамбыл ауданы бойынша филиалының төрағасы Пірімқұлов Сембек Шайқыұлы қатысты.
Әңгіме-диалог кіріспе сөзбен бастау алып, қызмет көрсету бөлімінің кітапханашысы А.Құрымбаева кеш қонақтарын таныстырып, іс-шараны жүргізіп отырды.
Шара барысында «Үнемділік - ырыс» тақырыбында қариялар мен жастар арасында әңгіме қозғалып, қариялар жастарға ақылдарын айта отырып, жастар тарапынан қойылған сауалдарға жауап беріп, үнемдеудің түрлері жайлы айтып, кеңінен мағлұматтар беріп,кеңестерімен бөлісті.
Кеште «Үнемшілдік пен ысырапшылдық» ашық қарау,«Үнемділік – ырыс, ысырапшылдық» слайд көпшілік назарына ұсынылды.
https://kitaphana-asa.kz/novosti-kz/261-nem-o-am-uaty-zhobasy-ayasynda-nemdej-bilemiz-be.html#sigFreeId1d5b95ce6d