Ұлттық мәдениет өрлесе – тілдегі кісен де шешіледі
Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақсаттық бағдарламасын жүзеге асыру бойынша «Жаһандық әлемдегі замануи қазақстандық мәдениет»жобасы аясында «Ұлттық мәдениет өрлесе – тілдегі кісен де шешіледі» тақырыбында тарихи кеш
Аудандық орталық кітапхана мен Жастар ресурстық орталығы бірлесе, Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақсаттық бағдарламасы бойынша «Жаһандық әлемдегі замануи қазақстандық мәдениет»жобасы аясында «Ұлттық мәдениет өрлесе – тілдегі кісен де шешіледі» тақырыбында тарихи кеш ауыл жастары арасында өтті.
Кештің мақсаты: Мәдениет және оның қоғамдағы маңызы, қатысушыларға материалдық және рухани мәдениет туралы түсініктерін қалыптастыру. Қазақстан мәдениеті туралы ақпарат беру. Қазақстанның мәдени жетістіктерін әлемдік деңгейде танымал ету.
Тарихи кештің қонақтары: Медеу Мырзатай – Облыстық жастар ресурстық орталығының маманы, жас айтыскер, Исақов Айтмұхамед – айтыскер, ақын, сазгер, облысқа еңбегі сіңгені үшін медальмен марапатталған. Мәдениет саласының үздігі. Жас айтыскерлер Мұхтар Қонарбаев пен Елбек Нұрмахамбетов қатысты.
Іс-шара барысында кітапханашы мәдениет саласында көне қазақтың мәдениеті, музыкасы, биі, тұрмыс- тіршілік мәдениеті, салт-дәстүр мәдениеттері, айтысына толықтай тоқталып, ақпараттар берді.
Шара барысында кеш қонақтарына сөз беріліп, Мәдениет – жеке адамның өмір сүру мақсаты мен құндылық жүйесі, адамның өмір сүрген ортамен қарым-қатынасы. Ол - өзара қарым-қатынас нәтижесінде қалыптасатын ерекше құбылыс екенін айтып, Елдік мәдениетті кеңінен таныту, кеңінен насихаттау жолында тер төгілуі керектігін тілге тиек етті. Осы орайда көнеден келе жатқан Айтыс – поэзия жанрларының ішіндегі ең қиыны, күрделісі. Айтыс өнері түркі халықтарының ішінде қазақ пен қырғызда ерекше дамыған. Біздің қанымызбен жаралып, рухымызбен таралған дәстүрлі, синкретті өнер. «Айтыс – сөз барымтасы» деп Мұхтар Әуезов айтқандай, айтыс - қазақ халқының әдеби мол мұраларының бірі болып табылатыны, айтыс – ақындар үшін сөз таласы, сөз барымтасы, сөз майданы ғана емес. Ол – ақындық өнер салыстыратын, жауаптаса отырып, білім шарқын байқататын жер. Сондықтан да айтысқа түсетін әрбір ақын бұл жағдайды жақсы ұғынып, үлкен дайындықпен келетін болғандары жайлы айтып, жастарға кеңестер беріп, айтыс өнеріне бойұсынған жастарға бағыт бағдар беретінін айтып өтті. Іс-шараға арнайы жасақталған «Ұлы даланың көне сарындары» атты ашық қарауды кітапханашы библиографиялық шолу жасап таныстырды және «Мәдениет — ұлттың мәйегі» тақырыбында слайд көпшілік назарына ұсынылды.
https://kitaphana-asa.kz/novosti-kz/262-ltty-m-deniet-rlese-tildegi-kisen-de-sheshiledi.html#sigFreeIdf773958448