Ұлы даланың –дара ұстазы
Социалистік Еңбек Ері атағын екі рет алған тұңғыш қазақ шопаны Жазылбек Қуанышбаевтың туылғанына 125 жыл толуына орай «Ұлы даланың –дара ұстазы» атты бейне кештің мәліметі
Аудандық орталық кітапхананың ұйымдастыруымен Социалистік Еңбек Ері атағын екі рет алған тұңғыш қазақ шопаны Жазылбек Қуанышбаевтың туылғанына 125 жыл толуына орай «Ұлы даланың –дара ұстазы» атты бейне кеш жастар арасында өтті.
Мақсаты: Жазылбек Қуанышбаевтың өмір жолы арқылы жастардың дүниетанымын қалыптастыру, еңбек жолын тану, қазақтың еңбекқор даңқты перзентіне деген қызығушылығы мен сүйіспеншілігін ояту.
Іс-шара барысында Жазылбек Қуанышбаевтың портреті қойылған бейне кешті оқу залының кітапханашысы Н.Манабаева жүргізді. «Мал өсірсең қой өсір, табысы оның көл-көсір» деп халық тектен-тек айтпаған. Халық айтса халт айтпайды. Шынында оның еті бал, сүті шипа, жүні алтын. Бұл өзі публикамызда қой өсіру жаңа сипат алып отыр. Қазақ қашаннан төрт түлік малды береке мен байлықтың басы санап, көп игілігін көрген. Қазіргі ұрпақ үшін Жазылбек Қуанышбаев әлі де жұмбақ жан. Өйткені өзінің еңбегімен шопан кәсібінің абыройы мен даңқын асырып, мал шаруашылығы тарихында өшпес із қалдырған баба туралы айтатын дүние көп – деп, шопан атамыздың өмірбаяны мен отбасы туралы және кітаптары таныстырылды.
Сондай-ақ, «Еңбегін ел таныған» тақырыбында ашық қарау ұйымдастырылып, библиографиялық шолу жасады.
https://kitaphana-asa.kz/novosti-kz/264-ly-dalany-dara-stazy.html#sigFreeId00ff327fdc