«Қайырымды істер марафоны»
Жуырда, 2021 жылғы мамыр айының 17-30 күндері аралығында, Жамбыл аудандық орталық кітапхананың ұйымдастыруымен «Қайырымды істер марафоны» жалпы ұлттық жобасы аясында «30 қайырымды іс» акциясы өткізіліп, бүгінгі таңда бұл жұмыс та өз мәресіне жетті.
«30 қайырымды іс» акциясы өмірдің қиын жағдайында қалған көптеген азаматтардың қажеттілігін өтеп, мұқтаждарға көмектер берілді. Аталған акцияның жалғасы ретінде Жамбыл аудандық ОКЖ-нің ауылдық кітапханашылары да өз үлестерін қосуда. Біздің кітапханашыларымыз өз ауылдарындағы жағдайы төмен, коп-балалы отбасыларына әлеуметтік сыйқалталарын үйлестірді.
Алдағы уақытта да «Қайырымды істер марафоны» жалпы ұлттық жобасы аясында бірталай жұмыстарды атқару, мүмкіндігінше мұқтаж жандардың қажеттіліктерін өтеу, қолдан келгенше оларға көмек беру жұмыстары жоспарланып отыр.
Өйткені, Алланың берген ризығынан аз да болса бір бөлігін Хақ тағаланың разылығы үшін қайырлы істерге жұмсасақ, қоғамға тиер пайдасы мол болатынына сенімдіміз.
https://kitaphana-asa.kz/novosti-kz/265-ajyrymdy-ister-marafony.html#sigFreeId73d297364b