Мен таңдаған мамандық
Аудандық кітапханада Мамандар күніне орай «Мен таңдаған мамандық» атты тақырыбымен дөңгелек үстел отырысы өтті. Бұл бас қосудың маңыздылығы – мынау нарықтық қарым- қатынас жағдайында өмірге аттағалы отырған жастың көкейінде «кім болам?» деген сұрақ тұр. Олай болса, біздің бүгінгі «Мен таңдаған мамандық» атты дөңгелек үстеліміз оларға өмірде жаңылыспай, өз жолын табуға септігін тигізердей етіп, сіздер мен біздер өзіміздің бай тәжірибемізді, ой толғаныстарымызды ортаға салып, ой бөлістік. Кеш барысында Психологиялық сәт: «Психогеометрия»- өзін - өзі тану: ойынын жүргізіп, оқушылар өзіне ұнаған геометриялық фигуралардың кез - келгенін таңдау арқылы адам бойындағы қасиетті, қабілетті анықтадық. Кеш қонақтары: Жамбыл ауданы әкімдігінің кәсіпкерлік және өнеркәсіп бөлімінің бас маманы Шынтасов Талғат мырза және Бауыржан Момышұлы мектеп-гимназиясының информатик мұғалімі Даулетбеков Ержан. Іс-шараға Бауыржан Момышұлы атындағы орта мектептің 9 сынып түлектері қатысты.
https://kitaphana-asa.kz/novosti-kz/266-men-ta-da-an-mamandy.html#sigFreeId86ffda4ed3