Балалық көңілдің пернесін дөп басқан ақын
Аудандық кітапхана мен аудандық балалар мен жасөспірімдер кітапханасы бірлесе, Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақсаттық бағдарламасының «Туған жер» бағыты бойынша, 2021 жылы Қазақстандағы балалар мен жасөспірімдердің кітап оқуын қолдау жылы аясында жергілікті балалар ақыны Совет Рақымбайұлы Әлімқұловтың шығармашылығына арналған «Балалық көңілдің пернесін дөп басқан ақын» тақырыбында сұхбат кеші зиялы қауымдар мен кітапхана оқырмандары арасында өткізді.
Кештің мақсаты: көпшілікті жерлес ақынның шығармашылығымен таныстыра отырып, жастарға патриоттық рух беріп, адамгершілік қасиеттерге баулу. Ақын өлеңдері арқылы халқына, тілге, Отанға деген сүйіспеншілік сезімдерін ояту.
Сұхбат кешінің қонақтары: Аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы, мәдениет қайраткері Б. Сырлыбаев, С.Күзербаев, ақын-жазушылар Болат Жаппаров, Байтанағали Төлентаев, Санысызбай Махамбетқұлов, Бақытжан Әлімқұлов қатысты.
Сұхбат кешінде ақын жайлы естеліктермен, жылы лебіздерімен кеш қонақтары бөлісіп, Болат Жапаров ақынның «Балалар соғысты көрмесін» атты әнін орындап берді. Сондай-ақ, мәдениет үйінің әншісі Н.Исаева ақынның «Ұмытып кетпе мені» әнін Ж. Бегімбетовтің сүйемелдеуімен орындап берді. Іс-шара барысында ақынның шығармаларынан жас оқырмандары А.Кеңесбай «Қарындасым бар менің», О.Элесбек «Қар жауып тұр», Е.Амангелді «Жаз суреті», И.Шағадат «Отан», Ш.Шағадат «Тырналар» атты жыр-шумақтарын нақышына келтіріп мәнерлеп айтып берді. Шараға «Балалар әдебиетінің бәйтерегі» атты кітап көрмесіне қызмет көрсету бөлімінің кітапханашысы Қ.Асхатаева шолу жасап, «Туған өлке тұлғалары» тақырыбында слайд көпшілік назарына ұсынылды. Сұхбат кешті Мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы А.Байдалиев қорытындылады.
https://kitaphana-asa.kz/novosti-kz/267-balaly-k-ildi-pernesin-d-p-bas-an-a-yn.html#sigFreeIdce59c53510