15.10.2021ж. күні Бектөбе ауылдық кітапханасында Ш.Уәлиханов атындағы Жамбыл облыстық әмбебап- ғылыми кітапханасының ұйымдастыруымен өткізіліп отырған “Ең үздік ауылдық кітапхана” облыстық байқауы аясында, «ХХ ғасырдың Гомері» атанған жыр дүлділі, ғасыр ақыны, жыр алыбы- Жамбыл Жабаевтың 175 жылдығына арналған «Жамбыл Жабаев - жүз жасаған бәйтерек» атты әдеби-сазды кеші өтті. Әдеби- сазды кеш М.Төлебаев атындағы өнер мектебі өнерпаздарының орындауындағы қазақтың ұлттық биімен ашылды. Әдеби-сазды кештің құрметті қонақтарымен таныстырылды. Шоқан Уәлиханов атындағы Жамбыл облыстық әмбебап- ғылыми кітапханасының директоры Әбдинова Эльмира Елеусізқызы, Шоқан Уәлиханов атындағы Жамбыл облыстық әмбебап- ғылыми кітапханасы директорының орынбасары Жеңсікбаева Мақтақыз Зиятбекқызы, Жамбыл аудандық орталықтандырылған кітапханалар жүйесінің директоры Қалисаева Аида Қуанышқызы, Қаратөбе ауылдық округінің әкімі Сағымбеков Ғамзат Мейрамбекұлы қатысып отырды. Кешті ашып беру үшін сөз ауыл әкімі Ғамзат Мейрамбекұлына берілді. Кітапхананың тұрақты оқырманы Яшар Алиханның орындауында «Жамбыл атаға арнау» айтылды. Кітапханашы Г.Сулейменова «Жамбыл Жабаев - жүз жасаған бәйтерек» тақырыбында жыршының өмірі мен шығармашылығына шолу жасады. Аудандық мәдениет үйінің театры «Жамбылдың Сүйінбайдан бата алуы» сахналық көріністі көрсетті.Кітапханашы қазақтың қара өлеңін кие тұтқан, жүрегінің түбінен қайнап шыққан асыл жырларымен қалың жұртшылықтың махаббатына бөленген Жамбыл Жабаев есімі туған өлкеміз Жамбыл облысына , Жамбыл ауданына және Бектөбе ауылының ең үлкен көшесіне берілгенін мақтан ете отырып, Жамбыл ауданының тарихына тоқталды, бейнекөрсетілім көрсетілді
Алтынбек Қоразбаевтың "Сағыныш саздары" әнін "Салбұрын" триосының орындауында шырқалды.«Жамбыл- айтыс ақыны» бөлімінде ортаға ауданымыздың айтыскер ақындары, облыстық және аудандық айтыс өнерінің жеңімпаздары Бектөбе ауылының тумасы Яшар Алихан мен Айшабибі ауылының тумасы Айдаралы Алинаның айтысын тамашалады.
Бүгінгі біздің кешімізде қара өлеңнің алыбы, даланың дархан данасы Жамбыл атаның өлеңдерін үміт күткен ұрпақтары жырлады.
«Жамбыл-жыр алыбы» бөлімінде кітапхана оқырмандары Орақбай Ләззат, Шойынбек Қарақат, Әбутәліп Гүлназ, Шайдазым Әдемінің орындауында Жамбыл өлеңдері оқылды. Ж.Жабаевтың «Жыр бастауы» әнін Жамбыл ауданы мәдениет үйінің әншісі Таласбай Нұрлыбек орындады. Жамбыл өмірі мен шығармашылығына арналған «Жамбыл – ұлы заманның ұлы ақыны» тақырыбында кітап көрмесі жасалды, сонымен қатар 2021 жылғы атаулы мерейтой иелеріне арналып жасалған көрнекіліктер таныстырылды.
Өмірінің соңғы жылдарында жиі науқастанған Жамбыл атамыз 100 жасқа аяқ басқанда, 1945 жылы 22 маусымда дүниеден өтті. Кеш соңында «Ауылым» әнін «Салбұрын» триосы орындады.
https://kitaphana-asa.kz/novosti-kz/270-e-zdik-auyldy-kitapkhana-oblysty-baj-auy.html#sigFreeId4780bf466d