Жамбыл аудандық орталық кітапхана және аудандық балалар мен жасөспірімдер кітапханасының бірлесе ұйымдастыруымен Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 30 жыл толуына орай «Тәуелсіздік – мәңгілік ел тірегі» тақырыбында аудандық мәнерлеп оқу байқауы кітапхана оқырмандары арасында өтті.
Мақсаты: Оқушыларға тәуелсіздік туралы терең мағлұмат беріп, тәуелсіздік үшін күрескен бабаларымыздың ерлігі мен көксеген арманы туралы білім қалыптастыру, эстетикалық тәрбие беру, оларды тапқырлыққа, жылдамдыққа, ептілікке, дәлдікке, ұқыптылыққа, шыдамдылыққа, ұжым намысын жоғары қоюға тәрбиелеу, сонымен қатар, ұлтжандылыққа, отаншылдыққа, өз елінің тарихын сыйлауға үйрету болып табылады.
Кеш шымылдығын М.Төлебаев атындағы өнер мектебінің ұстаздары Жақсыбек Ерқанат, Сырғабаев Нұрбек , күйші Әбдімомын Желдібаевтың күйі «Ерке сылқым» күйімен ашты.
Байқауға қатысушылар «Тәуелсіздік - теңдесі жоқ байлығым» тәуелсіздік туралы ақындардың өлеңдерін мәнерлеп оқу, «Менің сүйікті кітабым» сайыскердің сүйікті шығармасын таныстыру кезеңдері бойынша сынға түсті. Байқауға қазылық еткен аудан әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы Байдалиев Асқар Маратұлы, аудан әкімдігінің ішкі саясат бөлімінің бас маманы Жанұзақов Мади Жарылқапбайұлы, Жамбыл аудандық «Шұғыла» газеті бас редакторының орынбасары Жұмабаев Мақсат Серікұлы болды.
Байқау нәтижесінде бас жүлдені 10-15 жас аралығындағы қатысушылар арасында Ю.Гагарин атындағы мектеп- лицейінің 9 сынып оқушысы Өмірбек Әсемай және 15-21 жас аралығындағы қатысушылар арасында, Ю.Гагарин атындағы мектеп- лицейінің 10 сынып оқушысы Қарабек Нұрай иеленді.
1 –ші жүлделі орынды Б.Момышұлы атындағы мектеп –гимназиясының 7 сынып оқушысы Разбай Инсан(10-15) және 15-21 жас аралығындағы қатысушылар арасында Байгелді Кейкиев атындағы орта мектептің 10 сынып оқушысы Орынбек Толқын Адырбекқызы алды.
2- ші жүлделі орынды, Тұрғынбек Нұрила(10-15 жас), Б.Бесбаев атындағы орта мектебінің 10 сынып оқушысы Сауран Гүлзат (15-21 жас) қанжығасына байласа, 3- ші жүлделі орынды Б.Момышұлы атындағы мектеп –гимназиясының 8 сынып оқушысы Тұрдыбек Жасмин(10-15 жас) және Бірлесі орта мектебінің 10 сынып оқушысы Есентаева Аружан(15-21 жас) қанағат тұтты.
Кешті аудан әкімдігінің ішкі саясат бөлімінің бас маманы Жанұзақов Мади Жарылқапбайұлы қорытындылап сайыскерлерге дипломдар мен бағалы сыйлықтарды табыс етті.
https://kitaphana-asa.kz/novosti-kz/271-t-uelsizdik-m-gilik-el-tiregi-audandy-m-nerlep-o-u-baj-auy.html#sigFreeIdd1756509f4