29.09.2021 жылы аудандық орталық кітапхананың «Парасат жолы» орталығының бастамасымен «Өзің оқып болсаң өзгеге ұсын!» атты букроссинг ұйымдастырылды. Қатысқан адам саны-10
«Буккроссингтің» басты мақсаты ол − үйімізде шаң тозаң болып жатқан немесе оқылған кітаптарға «екінші өмір сыйлау»; оқырмандар арасында «кітап алмастыру» акциясын жүргізу; әр түрлі жастағы оқырмандарды кітап оқуға шақыру; кітапханаға оқырмандарды тарту; күнделікті өмірдегі әр оқырманның кітап оқу әрекетін танымал етуге өз үлесін қосу; әлемді үлкен кітапханаға айналдыру;
Іс-шара барысында кітапханашы А.Құрымбаева слайд арқылы
-Деген Абай «Артық ғылым кітапта»
Кітап бізге өзі байлық-қазына,
Білімсіз өмір сүру мүмкін бе,
Кемелденген ХХІ ғасырда-деп бастай отырып жалпы «Букроссинг» термині қайдан шыққанын, оның бастамашысы АҚШ мемлекетінің интернет-технолог маманы Рон Хорнбекер 2001 жылы ұсынғаны туралы ақпарат ұсынды.
Іс-шара соңында оқырмандар өздері оқыған кітаптарын көпшілікке ұсынып, басқа кітаптармен ауыстырып оқыды және «Адал оқырман» сөресіне қойылды.
https://kitaphana-asa.kz/novosti-kz/275-zi-o-yp-bolsa-zgege-syn-bukrossing.html#sigFreeId8d91329b54