Аудандық орталық кітапханада қолдануға жарамды тарихи-мәдени құндылықтарын жоғалтпаған ғылыми, көркем басылымдар, рухани мұрамызды сақтау,кітапхана қорын толықтыру, оқулықты құрметтей білу мақсатында «Кітап сыйла!» тақырыбында акция өткізілді.
Кітапхана – әр тараптан жыл құсындай қуаныш жетелеп келетін кітаптардың патшалығы. Кітап – заманалар толқыныңда тербетіліп, көкірегіндегі қымбат қазынасын ұрпақтан-ұрпаққа жеткізіп келе жатқан ой-кемесі. Кітапхана – дүниеде ештеңеге теңестірілмейтін білім бұлағының көзі. Кітаптың өзі – тұнып тұрған сыр екенін айта отырып, басқа ғылым кереметтерін де кітапханадан табатынымыз сөзсіз екенін айта отырып, өз үлестерін қосып ауданның құрметті азаматтары Жапаров Рахым Керімқұлұлы, Сәлемов Жақсылық Сәлемұлы, ауданның құрметті ардагері Ережепбаев Сайлау, аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Сырлыбаев Бақыт Уәлиұлы акцияға қатысып, 100 дана әр саладағы кітаптарды сыйға тартты. Акцияға қатысқан ардагерлер өздері оқыған тарихи және қазақ классикалық жазушыларды көп оқу керектігін жастарға айтып,білімді ұрпақ – егеменді елдің берік тірегі. Білімді болу үшін рухани дүниеміз бай ,оған қоса адамгершілік, кіші пейілділік, қайырымдылық қасиеттеріміз болу керектігін атап, мысалдар келтірді. Кешті аудандық орталық кітапхананың директоры А.Қалисаева қорытындылап, еліміздің болашағы жарқын болу үшін ең алдымен ұрпағымыз білімді, рухани деңгейі жоғары болуы қажет. Ол үшін адам көп оқып, көп ізденуі керек. Түсінген адамға кітап- баға жетпес байлығың, тағылымы көп, тәрбиесі мол ақылшың,сырласың деп көпшілікті кітап оқуға шақырып ақсақалдардың сыйлаған кітаптарын қабыл алды.
https://kitaphana-asa.kz/novosti-kz/276-kitap-syjla-aktsiya.html#sigFreeId2bfa63f2ef