2021 жылдың қазан айының 11-16 күндері Ш.Уәлиханов атындағы Жамбыл облыстық әмбебап ғылыми кітапханасының ұйымдастыруымен Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай «Үздік ауылдық кітапхана - 2021» байқауы ұйымдастырылды. Байқау ережесіне сәйкес өңіріміздің 10 ауданы өз аймағындағы ең үздік деп танылған ауылдық кітапханаларын облыстық кезеңге ұсынып, осы ұсынылған ауылдық кітапханаларды әділқазылар алқасының мүшелері аралап, ішкі жұмыстары, атқарып жатқан қызметтерін жан-жақты зерделеп, көрсетілім іс-шараларын бағалаған болатын. Осы байқауға Жамбыл ауданынан Бектөбе ауылдық кітапханасы қатысып, байқау ережесіне сәйкес «ХХ ғасырдың Гомері» атанған жыр дүлділі, ғасыр ақыны, жыр алыбы- Жамбыл Жабаевтың 175 жылдығына арналған «Жамбыл Жабаев - жүз жасаған бәйтерек" атты әдеби- сазды кеш өтті.
Нәтижесінде Жамбыл облысы әкімдігінің мәдениет, архивтер және құжаттама басқарма басшысы Ерлан Нұрманұлы Бектөбе ауылдық кітапханасына «Үздік ауылдық кітапхана - 2021» І дәрежелі дипломды табыстап, тілегін білдірді. Байқауға қатысушы ауылдық кітапханалардың барлығына арнайы грамоталар мен естелік сыйлықтар табыс етілді.
https://kitaphana-asa.kz/novosti-kz/282-aza-stan-respublikasy-t-uelsizdigini-30-zhyldy-yna-oraj-zdik-auyldy-kitapkhana-2021-baj-auy.html#sigFreeId286169b17b