Жамбыл облысы Жамбыл ауданы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің «Орталықтандырылған кітапханалар жүйесі» КММ

«Тәуелсіздік –халқымыздың арманы»

Аудандық орталық кітапхананың ұйымдастыруымен Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 30 жыл толуына орай  «Тәуелсіздік –халқымыздың арманы» тарих кеші №1 орта мектебінің 7- сынып  оқушыларының қатысуымен өтті.

Мақсаты: Жастарды Отанымызды сүюге, еліміздің рәміздерін қастерлеуге баули отырып туған жеріне деген сүйіспеншілігін ояту, елін, жерін, тілін, тарихын құрметтейтін, жаны таза адамгершілігі мол азаматты қалыптастыру

Іс-шараны оқу залының кітапханашысы Манабаева Нурипа жүргізіп, Тәуелсіздігіміздің отыз жылдық тарихына  тоқталып өтті. Кеш қонақтары Бауыржан Момышұлы атындағы мектеп-гимназиясының тарих пәнінің мұғалімі  Малдыбаев Нышанбек Сматұлы,  Юрий Гагарин атындағы мектеп-лицейінің  сызу пәнінің мұғалімі, желтоқсаншы  Муражанова Нурила Ділтайқызы және №1 орта мектебінің  7- сынып оқушылары қатысты. 

Тәуелсіз еліміздің жастары үшін заман талабына сай өнерлі де білімді болып өсу талабы туды. Тәуелсіз еліміз болашаққа айқын бағдар түзеп, өркениетті елдер қатарына жетуге аяқ басты, сондықтан болашақ жастардың қолында деп, тарихымызды құрметтеп, ұлттық кодымызды сақтап, ХХІ ғасыр білімділердің заманы болашақта тек білімдеріңді шыңдаудан шаршамаңдар, барлық білім кітапта -деді, Нышанбек Сматұлы.

Желтоқсан көтерілісіне қатысқан Нүрила Ділтайқызы сол 1986 жылы 16 желтоқсан күні болған  оқиғаны, басынан өткізген сол ауыр да жан түршігерлік сәттерді көз алдына бір жүргізіп, жастарымызға әңгімелеп, сол сәттер оңай болмағанын, алаңдағы болған оқиғаны өз көзімен көргенін айтып берді. Биыл Тәуелсіздігіміздің 30 жылдығына орай өзінің «Ақталған адамның куәлігі»  құжатты алғандығын және заңды түрде  ақталып шыққандығы жайлы қуанышты хабарымен бөлісті. Онда: «Куәлікті ұсынушы адамның  «Жаппай саяси қуғын-сүргін құрбандарын ақтау туралы» Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген жеңілдіктер мен артықшылықтарға құқығы бар .

Куәліктің мерзімі белгіленбеген және Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында қолданылады»  делінген.

         Кеш барысында Еңбек ауылдық кітапханасының кітапханашысы Назаралы Әселдің Тәуелсіздігіміздің 30 жылдығына  арнаған арнауын арнаса

Балалар мен жасөспірімдер кітапханасының кітапханашысы Хожамқұлова Замира Несіпбек Айтұлының «Отан» атты жыр- шумақты нақышына келтіріп орындап берді, Шайдана ауылдық кітапханасының кітапханашысы Байболова Гүлмира «Атамекен» әнін орындап қатысушыларға  мерекелік көңіл сыйлады.

Сондай-ақ, кеш соңында «Тәуелсіздік – мәңгілік елдің тұғыры» тақырыбында кітап көрмесіне оқу залының кітапханашысы Л.Есмурзаева библиографиялық шолу жасап, кітапханаға келіп кітап оқуға шақырды.