«Ауған соғысы – тарихтың қасиетті парағы» атты кездесу кеші.
15 ақпан Кеңес әскерлерінің Ауғанстан жерінен шығарылған күніне орай «Ауған соғысы – тарихтың қасиетті парағы» атты кездесу кеші өтті.
Кездесу кешке Бауыржан Момышұлы атындағы мектеп гимназиясының оқушылары қатысты.
Мақсаты: Ауған соғысының ардагерлерін құрметтеу, жас ұрпақтың патриоттық сезімдерін оятып, Отан үшін отқа түсіп қыршынынан қиылған, жат жерде көз жұмған азаматтарымызды еске алу, жауынгерлердің өмірінен үлгі – өнеге, тарихи тағылым беру, елжандылыққа, отансүйгіштікке, ізгілікке баули отырып тәрбие беру.
Кешті орталық кітапхананың кітапханашысы Л.Есмурзаева кіріспе сөзбен ашып , Ауған соғысына қатысып оралмаған жауынгерлерімізді еске алу үшін бір минуттық үнсіздік жарияланды. Кеш қонақтары: Ауған ардагерлері Берікбосынов Ермек Билібайұлы, Шәлімбетов Батырхан Әбенұлы қатысты. Кеш барысында қонақтар жас ұрпаққа соғыстың қасіреті жайлы, батыр боздақтарымыз жайында келелі әңгіме өрбітіп, ерлер есімі ел есінде мәңгілікке сақталатынын айтты. Сол оқиғаларды қайта еске түсіру ауыр болса да, құрметті қонақтар, жастарға тәрбие болсын деп біраз әңгімелер айтып берді. Кездесуде ардагерлер жастарға білім алуға, еңбек етуге, өнегелі іс жасауға шақырды. Ардагерлер өмірлік тәжірибесімен бөлісіп, ақыл-кеңестерін аямаса, жастар көкейлеріндегі сауалдарға жауап алды.Іс-шара барысында Саламат Мертаев, Ербол Қоқымбаев мәдениет үйінің әншілері ән шашу тарту етті және Бауыржан Момышұлы атындағы гимназия мектебінің оқушылары Әбдіғазы Бекзат,Темір Ерсан кешке арналған өлең-шумақтарын мәнерлеп оқыды. Кеш барысында «Ауған соғысында от кешкендер» тақырыбында библиофреш, «Ауған соғысы 1979-1989» тақырыбында слайд көпшілік назарына ұсынылды.
https://kitaphana-asa.kz/novosti-kz/286-au-an-so-ysy-tarikhty-asietti-para-y-atty-kezdesu-keshi.html#sigFreeIdfe1453e170