Жамбыл облысы Жамбыл ауданы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің «Орталықтандырылған кітапханалар жүйесі» КММ

«Ақ әжемнің әңгімесі» өнеге кеші

«Ақ әжемнің әңгімесі»   өнеге кеші

 «Сырласу» қыз-келіншектер клубының «Ақ әжемнің әңгімесі» атты  өнеге кеші жастар арасында өтті.

Мақсаты: Жастарды әжеге деген сүйіспеншілікке баулу. Әже еңбегін ардақтап, мейірімділікке сый - құрметке тәрбиелеу, жастардың ой - өрісін тіл байлығын, ойлау қабілеттерін дамыту. Жастарға ата - ана алдындағы парызы мен қарыздары туралы түсініктеме беру.
Іс- шара барысында кітапханашы Нурипа Манабаева кіріспе сөзбен ашып, әжеге, анаға, қыз балаға  деген құрмет пен сыйластықты әр адам өзінің бойына сіңіріп өсуі керек деп, Алима апамызға сөз кезегін берді. Жастарға әжей бақыт, ынтымақ, бақ туралы тәрбиелік маңызы зор әңгімелері, өзінің басынан өткен қиыншылығымен қызығын, ертегілер мен мақал-мәтелдермен ұйқастырып, жастарға Ата-анаға деген құрмет бірінші кезекте болу керек екендігін түсіндірді. Өзінің оқыған кітаптарынан үзінді айтып, Шерхан Мұртазаның Ай мен Айшасын оқуға кеңес берді.

Жастар  әжелері, апалары туралы  ой қозғап, жыр –шумақтарын тарту етті.  «Анасы бар адамдар ешқашан қартаймайды» - демекші, аналарымыз аман болсын!