Жамбыл облысы Жамбыл ауданы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің «Орталықтандырылған кітапханалар жүйесі» КММ

«Ана тілім – асыл мұрам»

«Ана тілім – асыл мұрам»

21 ақпан –Халықаралық  ана тілі күніне орай «Ана тілім – асыл мұрам» атты сайыс Юрий Гагарин атындағы мектеп – лицейінің 10 -  сынып оқушыларының қатысуымен өтті.

Мақсаты: Жастардың ана тіліне деген сүйіспеншілігін арттыру, ана тілін қастерлеуге баулу.

Іс-шараны оқу залының кітапханашысы Нурипа Манабаев жүргізді. Сайысымыздың әділ қазылары: «Мәдениет және тілдерді дамыту» бөлімінің бас маманы Анарбай Тұрсынхан, Юрий Гагарин атындағы мектеп-лицейінің  қазақ тілі және әдебиет пәнінің мұғалімі Сайлауова Айгүл, аудандық орталық кітапхананың әдіскері Адилова Аягөз өз төреліктерін жасап отырды.           Сайысқа қатысушылар  «Көгершін» және «Сұңқар» тобы  болып екіге бөлініп жарысты.  Сайыс 4 кезеңнен тұрды. І- кезең «Бәйге»  мұнда сұрақтар қойылып,   екі топ бірдей  7 ұпайға ие болды. ІІ- кезең «Полиглот» мақал-мәтелдің жалғасын тауып, жаубын үш тілде айтты. Мұндада екі топ бірдей жауап берді. ІІІ –кезең «Жаңылтпашты жаңылмай айтып көр» бойынша  «Сұңқар» тобы 1 ұпай алға шықты. ІV- кезең «Жорға» ойыншыларымыз 1 минут ішінде 1сұраққа жауап беру керек. «Көгершін» тобы көбірек ұпай жинап,  жеңіске жетіп, бірінші орынды иеленді.  Тұрсынхан Серікханұлы қатысушы жастарымызға Ана тілімізді құрметтеп, білімдеріңді шыңдап, бұдан да жоғары жетістікке жетіңдер деп, аудандық орталық кітапхананың атынан Алғыс хатпен марапаттап, қатысушыларға ынталандыру сыйлығын табыс етті.

Сондай-ақ, «Тіл-ұлттың тірегі» тақырыбында кітап көрмесінен Тұманбай Молдағалиевтің «Ана тілі» атты  екі өлеңін мәнерлеп оқып берді.