«Қазақ елі түркі әлемінің қара шаңырағы»
Елбасының «Ұлы даланың жеті қыры» мақсаттық бағдарламасы аясында «Түркі әлемінің генезисі» жобасы бойынша «Қазақ елі түркі әлемінің қара шаңырағы» атты тақырыпты кеш Б.Момышұлы атындағы мектеп-гимназиясының 7 сынып білім алушыларының арасында өтті.
Мақсаты: Жастарға Түркі және түркі тілдес елдердің мәдениетін, дүниетанымын кеңейту,ойын жүйелі түрде жеткізе білуге дағдыландыру, ежелгі орындарды құрметтей білуге,туған жерге деген сүйіспеншілік сезімдерін тәрбиелей отырып, түркі тілдес мәдениетті дәріптеу.
Кеш қонақтары: Жамбыл аудандық ардагерлер кеңесінің мүшесі, тарихшы, кітапхананың зейнеткер оқырманы Сапарбеков Алтынхан Мәдібекұлы,Б.Момышұлы атындағы мектеп-гимназияның информатика пәнінің ұстазы Есиркепова Аида Қайырбекқызы қатысты.
Іс-шара барысы: Тақырыпты кешті Қ.Асхатаева кіріспе сөзбен ашып,«Түркі әлемінің бесігі» тақырыбында баяндама жасап, «Түркі әлемінің генезисі: бастауынан қазіргі заманға дейін» тақырыбында кеш қонақтарына сөз беріліп, жастарға тарихтан сыр шертіліп,Ұлы Түрік қағанаттары және Шығыстың саңлақтары, Қазақстан жерінде сақ, үйсін, қаңлы, ғұн тайпалары жайында баяндап, жастармен кеш қызықты әңгімеге ұласты. Кешке арнайы жасақталған «Қасиетті-Түркістан» атты кітап көрмесін қызмет көрсету бөлімінің кітапханашысы А.Құрымбаева библиографиялық шолу жасады. Сондай-ақ, «Түркі әлемі және Қазақстан» тақырыбында слайд көпшілік назарына ұсынылды.
https://kitaphana-asa.kz/novosti-kz/291-aza-eli-t-rki-lemini-ara-sha-yra-y.html#sigFreeId8232d088a1