«Үнем-қоғам қуаты» жобасы аясында «Үнемшілдік –ырыс, ысырапшылдық шығыс» кеңес беру кеші
Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақсаттық бағдарламасы барысында «Үнем-қоғам қуаты» жобасы аясында «Үнемшілдік –ырыс, ысырапшылдық шығыс»кеңес беру кешін жастар арасында өткізілді.
Мақсаты: Жастарға үнемдеу мен ысырап жайлы мағлұмат бере отырып, түсініктерін кеңейту, олардын шығу жолдарын түсіндіріп, күнделікті өмірде пайдалана білуге ұқыптылыққа тәрбиелеу,өз ойын ашық айта білетін қабілетті тұлға қалыптастыру.
Кеңес беру кешін қызмет көрсету бөлімінің кітапханашысы Қ.Асхатаева кешті ашып, келген қонақтарды көпшілікке таныстырды.
Кештің қонақтары: Дүнежүзілік қазақтары қауымдастығының Жамбыл облысы, Жамбыл ауданы бойынша филиалының төрағасы Пірімқұлов Сембек Шайқыұлы, Дүнежүзілік қазақтары қауымдастығының Жамбыл облысы, Жамбыл ауданы бойынша филиалының мүшесі Орынбаев Қаратай Қасымұлы, Ю.Гагарин атындағы мектеп-лицейінің лаборанты Мырзахан Үміт Мейірханқызы қатысты.
Іс-шара барысында «Үнемдеу – сараңдық емес, ұқыптылық» тақырыбында кітапханашы қазіргі қоғамда шынайы мәдениеттің белгісі – орынсыз сән-салтанат емес. Керісінше, ұстамдылық, қанағатшылдық пен қарапайымдылық, үнемшілдік пен орынды пайдалану көргенділікті көрсететінін іс шаралар арқылы насихаттау керектігін тілге тиек ете отырып, ақпарат берді және «Ысырапшылдық – қоғам дерті» тақырыпта кеш қонақтары көпшілікпен пікірлесу арқылы сұрақ-жауаптарға кезек беріліп, қатысушылардың ойларын білдік және ой сергіту арқылы қатысушылардың тілдік қорларын толықтыру бағытында мақал-мәтелдің жалғасын табумен кеш жалғасын тапты. Кешке «Ысырап – апат, үнем – берекет» слайд, «Ысырапшылдық – ғасырымыздың асқынған дерті»атты кітап көрмесі көпшілік назарына ұсынылды.
https://kitaphana-asa.kz/novosti-kz/292-nem-o-am-uaty-zhobasy-ayasynda-nemshildik-yrys-ysyrapshyldy-shy-ys-ke-es-beru-keshi.html#sigFreeIdd14f579ea9