Жамбыл облысы Жамбыл ауданы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің «Орталықтандырылған кітапханалар жүйесі» КММ

100 оқулық

Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық" жобасы аясында «100 жаңа оқулық» - қазақ ғылымының жаңа белесі» тақырыбында буктрейллер.

"Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру" атты мақаласының "Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық" жобасы аясында «100 жаңа оқулық» - қазақ ғылымының жаңа белесі» тақырыбында буктрейллер №1 орта мектебінің 9- сынып оқушыларының қатысуымен өтті.

Мақсаты: Гуманитарлық білімнің барлық бағыты бойынша әлемдегі таңдамалы оқулықтарды  жастарға таныстырып,  жаңашыл бағытта білім бере отырып, білімге деген көзқарастарын, құштарлықтарын арттыру.

Іс-шара барысында кітапхананың қорына  аталған бағдарлама аясында келіп түскен кітаптардан көрме ұйымдастырылып, Тұңғыш Президенттің ел еңсесін көтерген жобасы - қоғамдық және гуманитарлық ғылымдар бойынша "Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық" жобасы туралы  бұл бағдарлама аясында алдағы жылдарда гуманитарлық білімнің барлық бағыттары бойынша әлемдегі ең жақсы 100 оқулықтың қазақ тіліне аударылғандығы, жастарға дүниежүзіндегі таңдаулы үлгілердің негізінде білім алуға мүмкіндік жасалғаны, яғни, қазақ тілінде әлемдегі ең үздік оқулықтарға кітапханашылар Н.Манабаева мен Л.Есмурзаевалар жеке – жеке тоқталып библиографиялық шолу жасады.

Сондай-ақ, «Wi- Fi» желісі арқылы электронды нұсқасын қалай пайдалануға болатындығы жайлы түсіндіріді. Жастардың Белгілі ғалым Эллиот Аронсонның «Көпке ұмтылған жалғыз. Әлеуметтік психологияға кіріспе», Патрисия Уоллейстің «Интернет психологиясы» киберкеңістіктің психологиялық қырлары, интернеттің адам мінез-құлқына әсері туралы, Стивен Ковидің «Жасампаз жандардың 7 дағдысы» кітабы, Ювал Хараридің «Sapiens:  Адамзаттың қысқаша тарихы»  кітабы, Ювал Хараридің үшінші туындысы «XXI ғасырға -21 сабақ»- кітабы , Юваль Ноаһ Харари Homo Deus:  «Болашақтың қысқаша тарихы» атты кітаптарға   қызығушылықтары артып, электронды нұсқасын ұялы телефондарына жүктеп алды.

  Нәтижесінде: Әлемнің ең озық деген туындылары насихатталды.