Ұлы ақын, жырау, жыршы Жамбыл Жабаев «Жыр-менің жалғыз тарланым» әдеби лото
Ұлы ақын, жырау, жыршы Жамбыл Жабаев «Жыр-менің жалғыз тарланым» әдеби лото өтті.
Мақсаты: Жастардың өткен сабақтарда жүз жасаған жыр алыбы Жамбыл Жабаевтың өмірі мен шығармашылығынан алған мәліметтері бойынша білімі мен дағдыларын тексеру. Өлеңдерді мәнерлеп айтқыза отырып, олардың дұрыс сөйлей білу дағдыларын қалыптастыру. Жамбыл Жабаев шығармашылығының қазақ әдебиетіндегі алатын орны мен маңызын түсіндіру.
Іс- шараны қызмет көрсету бөлімінің кітапханашысы А.Құрымбаева кіріспе сөзбен ашып, ақынның өміржолын таныстырып өтті. Сонымен қатар «Жамбыл – халық поэзиясының алыбы» тақырыбында №1 орта мектептің 7 сынып оқушыларына ақынның өмір жолдарына сұрақтар қойылып,белсенді жауаптар айтылды.
Шара барысында қызмет көрсетуөлімінің кітапханашысы Қ.Асхатаева осы кешке арнайы жасақталған «Жамбыл – заманымыздың бұлбұлы» атты кітап көрмесіне шолу жасап, жастарды ақын шығармашылығына арналған кітаптармен таныстырып өтті. Сондай-ақ әдеби лотоға «Жүз жыл жырлаған жүрек» тақырыбында слайд көпшілік назарына ұсынылды.
https://kitaphana-asa.kz/novosti-kz/294-zhambyl-loto.html#sigFreeId91de381337