Аудандық орталық кітапханада қызмет көрсету бөлімінің кітапханашысы Қ.Асхатаеваның ұйымдастыруымен аудандық Мәдениет үйінде Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақсаттық бағдарламасы бойынша «Дәстүр мен ғұрып» жобасы шеңберінде «Қолөнер –ұлт қазынасы» тақырыбында кітапхана жанынан құрылған «Халық өнері-асыл қазына»атты қызығушылық клубының мүшесі Сейітхан Айдар Абдрахманұлы мен жастар арасында сұхбат өтті.
Мақсаты: Жастарға халық өнерінің тарихи жолдарынан нақты білім беру, өнерпаздық пен шеберлік тәсілдерін түсіндіру, қазақтың байырғы қолөнеріне, шеберліктеріне қызығушылығын арттыру,қолөнер иелерінің жасаған еңбектерін қастерлеу, олардың дәстүрлі әдістерін бүгінгі күннің кәдесіне жарату, оны түрлендіре отырып әдіс-тәсілімен жастар бойына дарыту, өз ұлтының дәстүрлерін, бабадан қалған қолөнерін құрметтеуге, дәріптей білуге тәрбиелеу.
Іс-шара барысында «Қолөнер – ұлттық құндылығымыз, дәстүрдің жалғасы»тақырыбында сұхбаттың бет пердесін кітапханашы ашып, «Ағаш– табиғаттың тамаша туындысы» негізгі бөліммен жалғасып, кеш қонағын көпшілікке таныстырып, қолөнер шеберіне сұрақтар қойып, орамды жауаптар қатылып, өз өнерін шыңдау барысында қандай қыйыншылықтарды басынан өткергенін сөз ете отырып, арнайы оқу орынын тәмандап, қолөнерге деген қызығушылығы қай кезден басталып, алғашқы жасалған тырнақалды туындысы жайлы сөз қозғап, қазіргі таңда айналысып жатқан жұмыстары жайлы баяндап, шәкірттері барында тілге тиек етті. Сондай-ақ, жастарға ағашты ойып, қазақи нақышта астау жасауды көрсетіп, қатысушыларды қолөнер жасауда қандай күш жұмсалатыны және қандай құрал саймандар пайдаланатынын айта отырып, қолөнердің қандай түрлеріне пайдаланатынын сөз етіп,сол құралдарды пайдалана отырып, астаудың оюларын балаларға ойдырды.
https://kitaphana-asa.kz/novosti-kz/295-d-st-r-men-ryp-zhobasy-she-berinde-ol-ner-lt-azynasy.html#sigFreeIdf4009d6c89