«Кітап – бағалы сыйлық» тақырыбында жергілікті қаламгер Пірімқұлов Сембек Шайхыұлының «Өмірдің өзенінде» кітап премьерасы «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақсаттық бағдарламасының «Туған жер» жобасы аясында «Кітап – бағалы сыйлық» тақырыбында жергілікті қаламгер Пірімқұлов Сембек Шайхыұлының «Өмірдің өзенінде» кітап премьерасы кітапханашылар арасында өтті. Мақсаты: Жергілікті қаламгер Пірімқұлов Сембек Шайхыұлының өмірдерегі мен, шығармаларын таныстыру. Кітаптың адам өміріндегі аса маңызды рөлін түсіндіріп, жастардың кітапқа деген қызығушылығын арттыру. Кеш қонақтары: «Агро Шоқай» шаруа қожалығының төрағасы, Қоғамдық негізде Жамбыл ауданы бойынша «Дүниежүзі қазақтарының қауымдастығы және Отандастар қоры» фронт-офисінің директоры Пірімқұлов Сембек Шайхыұлы, Жамбыл аудандық ардагерлер кеңесінің мүшелері, құрметті ардагерлері Сәрсен Күзербаев, Сайлау Ережепбаев, «Шұғыла –Радуга» газетінің тілшісі Ақжігіт Жетпісбай қатысты. Кітап премьерасын оқу залының кітапханашысы Н.Манабаева жүргізіп, «Кітап-бағалы сыйлық» тақырыбында жергілікті қаламгерді көпшілікке таныстырып, кіріспе сөзбен бет пердесін ашып берді. Басқосумыздағы әңгіме баспадан күні кеше ғана жарыққа шыққан Сембек ағамыздың «Өмірдің өзенінде» атты кітабы туралы болды. Оқу залының кітапханашысы Л.Есмурзаева библиографиялық шолу жасады. Сонымен қатар қызмет көрсету бөлімінің кітапханашысы А.Құрымбаева қаламгердің «Туған жер» өлеңін мәнерлеп, нақышына келтіріе орындап берді. Сембек Шайқыұлының өлеңдері мен арнаулары және естеліктері топтастырылған туындыны бір деммен оқып шыққан аудандық ардагерлер кеңесінің мүшелері Сайлаубек Ережепбаев пен Сәрсен Күзербаев замандасын жаңа қырынан танығанын, өлеңдері сан сандығында ұзағынан сақталатынын жеткізсе, аудандық орталықтандырылған кітапханалар жүйесінің директоры Аида Қалисаева Сембек Пірімқұловқа ризашылығын білдірді. Сондай-ақ «Кітап – сарқылмас рухани әлем» тақырыбында слайд көпшілік назарына ұсынылды
.https://kitaphana-asa.kz/novosti-kz/297-mirdi-zeninde.html#sigFreeIdda480fcec5