«Ұлы жәдігер ұрпақ назарында» Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақсаттық бағдарламасы бойынша «Дәстүр мен ғұрып» жобасы аясында кітапхана жанынан құрылған «Халық өнері-асыл қазына» қолөнер шеберлер клубының кезекті «Ұлы жәдігер ұрпақ назарында» тақырыбында клуб мүшесі Ақмырзаев Ғалым Байкелдіұлы мен жастар арасында кездесу кеші өтті. Мақсаты: Жастарға ат әбзелдері жайында түсіндіріп, олардың қызметтері мен жасалу материалдары жайлы мәлімет беру, қолөнерге қызығушылығын арттыру. Салт-дәстүрге деген құрмет, қолөнердің әсемдігін түсінуге, қасиетті нәрселерді қадір тұтуға тәрбиелеу. Кездесу кешін кітапхашы Қ.Асхатаева жүргізіп, «Әр бір жәдігер тарихтан сыр шертеді» тақырыбында кіріспе сөзбен ашып, кеш қонағын көпшілікке таныстырды. Іс-шараның негізгі бөлімі «Қазақ атбегілік өнерінің ерекшеліктері» тақырыбымен аталып, ақпараттар беріліп, отырысты кеш қонағы жалғастыра отырып, атбегілікпен айналысу үшін не керектігін жастарға Ғалым мырза баяндап, ат әбзелдерінде ер –тұрмандардың түрлеріне тоқталып, жеке-жеке таныстыра отырып жасалу әдісін, бір әбзелді жасау үшін қанша уақыт алатынын айта кетті. Кеш соңына «Ұлттық қол өнер құдіреті» қолөнер бұйымдарының көрмесі, «Қазақ қолөнеріндегі іздер» атты кітап көрмесімен оқу залының кітапханашысы Л.Есмурзаева библиографиялық шолу жасап таныстырды. Сондай –ақ, «Ат-ердің қанаты» тақырыбында слайд көпшілік назарына ұсынылды.
https://kitaphana-asa.kz/novosti-kz/299-khaly-neri-asyl-azyna.html#sigFreeId958d7c9920