Жамбыл облысы Жамбыл ауданы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің «Орталықтандырылған кітапханалар жүйесі» КММ

Ахмет Байтұрсынұлы 150 жыл

Жамбыл аудандық балалар мен жасөспірімдер кітапханасының ұйымдастыруымен ірi ғалым-лингвист, әдебиет зерттеушi, тюрколог, дарынды ақын-аудармашы Ахмет Байтұрсыновтың туылғанына  150 жыл тоуына орай «Парасат жолы» жобасы аясында  «Қазақтың дара тұлғасы»  тақырыбында танымдық кеш.

Мақсаты: Ахмет Байтұрсыновтың шығармашылығы, кітаптары, ғылыми еңбектері туралы мағлұмат беру. Ақын өмірін оқушыларға үлгі ете отырып, өз елін сүюге, оның көркеюіне үлес қосуға тәрбиелеу. Оқушылардың танымдық деңгейін дамыту.

Кітапханашы  іс-шараны Ахмет  Байтұрсынұлының  өмірі  мен  шығармашылығы  туралы  мағлұмат беруден бастады.«Рахат» ауылдық бастауыш мектебінің 4 сынып  білім алушылары  Самәлі Нұрбол, Есқали Кәусар, Ергешбай Жібек, Балдыбай Інжу, Мейірбекқызы Аяла, Салпағарова Сезім, Жамбыл Саят  ақынның  «Сөз иесінен», «Оқуға шақыру», «Туысыма», «Тілек батам», «Анаға хат», «Аққу, шортан һәм шаян» т.б өлеңдерін жатқа оқыды. Оқырмандар  «Ұлттың ұлы ұстазы» тақырыбында түрлі сызбалар  арқылы шығармашылығына талдау жасады.Сонымен қатар, оқырмандар   «Ақынды тап» ойынын ойнап, «Ахмет Байтұрсынұлы – қоғам қайраткері» тақырыбында бейнекөрсетілімді  тамашалады.

Кітапханашылар  жиналғандарға қазақтың дара тұлғасы Ахмет Байтұрсынұлының «Қасқыр мен қозы» мысалын, қуыршақ театры  сахналық қойылымын  ұсынды.

Кеш соңында «Ұлттың ұлы  көсемі» тақырыбында кітап көрмесіне библиографиялық шолу  жасап таныстырды.

https://www.facebook.com/permalink.php?story_fbid=469550928091133&id=100051086897000