Жамбыл облысы Жамбыл ауданы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің «Орталықтандырылған кітапханалар жүйесі» КММ

Еңбек түбі -береке

Жамбыл аудандық балалар мен жасөспірімдер кітапханасының ұйымдастыруымен  Елбасы Н.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру»  бағдарламалық мақаласы «Еңбек - елдің мұраты» жобасы аясында»  оңалту және бейімдеу орталығы қызмет алушыларының қатысуымен «Еңбек – түбі береке» тақырыбында тәрбие сағаты болып өтті.

Мақсаты: Еңбектің адам өміріндегі маңыздылығын түсіндіру;еңбек жасай білу дағдыларын дамыту,еңбекке қызығушылықтарын арттыру; еңбектенуге, еңбексүйгіштікке тәрбиелеу.

Кітапханашы оқырмандардың еңбек туралы түсінігін кеңейту мақсатында мағлұмат берді. Әңгімелесу барысында оқырмандар шаттық шеңберін жасап,  

Еңбек адамға не үшін қажет деп ойлайсыңдар? Еңбекқор деп қандай адамды  атаймыз? Өздерің еңбектің қандай түрлерімен айналысқанды ұнатасыңдар? Адамға өмір сүру үшін ең алдымен не қажет деп ойлайсыңдар? т.б сұрақтарға пікірлерін ортаға салды.   

Оқырмандар  еңбек туралы мақалдар айтып, «Қайдан келдің бауырсақ?» көрінісін тамашалап, нанның қандай еңбекпен келетіндігі туралы түсінік алды.

Кеш соңында «Ай мен күн» ертегісін тамашалап, жаңа түскен кітаптармен таныс болды.