Жамбыл облысы Жамбыл ауданы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің «Орталықтандырылған кітапханалар жүйесі» КММ

Ескен Елубай

Ескен Елубаевтың туылғанына 80 жыл толуына орай  «Жырымен жас ұрпақты тербеткен» мәнерлеп оқу сайысы.

Жамбыл аудандық балалар мен жасөспірімдер кітапханасы және Б. Момышұлы атындағы мектеп – гимназияның кітапханашылары бірлесе ұйымдастыруымен қазақтың көрнекті ақыны, Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты Ескен Елубаевтың туылғанына 80 жыл толуына орай  «Жырымен жас ұрпақты тербеткен» атты мәнерлеп оқу сайысы болып өтті.

Байқаудың мақсаты

  • Қазақтың көрнекті ақыны, Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты Ескен Елубаевтың туылғанына 80 жыл толуына орай ақынның өмірі мен шығармашылығын балаларға тереңірек оқыту;
  • Е. Елубаевтың балаларға арналған сан алуан тақырыптағы танымдық – тәрбиелік туындылары арқылы балалардың қазақтың тілі мен әдебиетіне, мәдениетіне деген ықыласын арттыру және көркем сөз оқу шеберлігін, тіл мәдениетін жетілдіру;
  • рухани – адами тәрбие беру, ұлтжандылық қасиеттер қалыптастыру;
  • балалар мен жасөспірімдер арасында кітапқа деген қызығушылықты арттыру;

 

8-10 жас аралығындағы қатысушылар

 

      1.«Ескен Елубаев- балалар әдебиетінің көрнекті ақыны» ақын өлеңін жатқа оқу

  1. «Жұмбақ шешіп, ой дамыт» жұмбақтар шешу

10-12 жас аралығындағы  қатысушылар

 

      1.«Ескен Елубаев- балалар әдебиетінің көрнекті ақыны» ақын өлеңін жатқа оқу

  1. «Әдеби бәйге» өмірі мен шығармашылығы туралы сұрақтарға жауап беру бөлімдері бойынша сынға түсті.

Байқауға  аудандық балалар мен жасөспірімдер кітапханасының меңгерушісі Ш. Тулепбергенова , Б. Момышұлы атындағы мектептің ұстаздары  Ақынбаева Қарақас, Пшенова Анар қазылық жасады. Байқау нәтижесінде 8-10 жас аралығында Файзулла Айару, екінші орын Мұқашқан Алдиярхан, үшінші орын  Таңжарбай  Сымбат иеленсе, 10-12 жас аралығындағы қатысушылар Ерланұлы Ислам, екінші орын Сұлтанмұрат Қайрат, үшінші орын  Мүтан Ерасылға бұйырып, арнайы сыйлықтармен марапатталды.

«Қаламы қарымды қаламгер» тақырыбында кітап көрмесі ұйымдастырылып, кітапханашы З. Хожамкулова библиографиялық шолу жасап танысырды.