«Туған жер» жобасы аясында «Туған өлкенің аңыздары» саяхат
Елбасы Н.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласы «Туған жер» жобасы аясында «Туған өлкенің аңыздары» атты саяхат – ойын.
Жамбыл аудандық балалар мен жасөспірімдер кітапханасы және Б.Момышұлы кітапханашылары бірлесе ұйымдастыруымен Елбасы Н.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласының «Туған жер» жобасы аясында «Туған өлкенің аңыздары» 4 сынып оқушыларымен саяхат - ойын болып өтті.
Мақсаты: Туған елдің аңыз –әңгімелері арқылы жас ұрпақтың бойына патриоттық сезім ұялатып, елін жерін сүюге ықпал ету. Кітап сүю, оқуға құштарлыдығын ояту. Аңыз - ертегілер арқылы қиялын дамыту.
Кітапханашы саяхат – ойынды «аңыздар – халықтың ауызекі шығармашылығының ерекше жанры, оларда халық қиялы нақты жағдаяттарды емін-еркін сапырып, оқиғаларды өзінше пайымдайды» - деп түсінік беруден бастады. Ертегілер мен аңыздардың айырмашылығы және аңыздардың түрлері туралы түсінік берді. Оқырмандар сұрақ –жауап минутына белсенді қатысып, «Кім мерген?», «Кімнің заты?» т.б ойындарын ойнады. Сонымен қатар, оқыған аңыз –ертегілері туралы айтып, ертегілер еліне саяхат жасады.
Кеш соңында оқырмандарға «Қане, бірге оқиық!» тақырыбындағы кітап көрмесімен танысып, библиографиялық шолу жасап таныстырды.
https://www.facebook.com/permalink.php?story_fbid=493188299060729&id=100051086897000
https://kitaphana-asa.kz/novosti-kz/304-tu-an-lke-a-yzdary.html#sigFreeId82dd1b7a9e