«Балалар жылына» байқау
Ағымды жылдың барысында Жамбыл облысы әкімдігінің мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының қолдауымен Жамбыл облыстық көзі көрмейтін және әлсіз көретін азаматтар кітапханасы «Балалар жылына» орай, көру қабілеті бұзылған және басқа да мүмкіндіктері шектеулі балалардың қоршаған ортаны қабылдау мүмкіндіктерін, таным мен түйсігін арттыру, дамуын жетілдіру барысында арнайы балаларға арналған тактильді кітап байқауын жариялаған болатын. Нәтижесінде облысымыздың барлық аудандық кітапханасында көру қабілеті төмен балаларға арнайы тактильді ертегі кітаптары әзірленді. Жоғарыда көрсетілген 8 ауданнан үздіктер қатарынан Жамбыл ауданының орталықтандырылған кітапханалар жүйесі зағип оқырмандарға қызмет көрсету бөлімінің қызметкерлері 1-ші орынды иеленді. Марапат құтты болсын!
https://kitaphana-asa.kz/novosti-kz/314-taktildi-doska-baj-au.html#sigFreeId2fb9e5ac0f