23 сәуір – Халықаралық кітап күніне орай «Кітап – дәуір айнасы» атты ақпарат күнін кең көлемде атап өтті. Іс-шара Аудандық орталық алаңда өтті. Іс – шара барысы биылғы жылғы атаулы күндерге және өз өлкеміздің гүлденуіне үлестерін қосқан қоғам қайраткерлері, өлкенің тарихын білуге шақыратын кітап көрмелері қойылып, және сала бойынша әдебиеттерге ашық қарау ұйымдастырылды.
Шақырылғандар: Ауданымыздың құрметті азаматы Қуатов Ералы, үздік оқырманымыз Қошанов Әмірхан, отбасылық оқырманымыз Кулманова Назираның, Мемлекеттік қызметкер кітапхананың тұрақты оқырманы Спатов Серік және Тулекова Сәуле, кітапханамыздың жас оқырман Файзулла Айару Бауыржан Момышұлы мектеп-гимназиясының 2 сынып оқушысы, Кеңесбай Ұлмекен №1 орта мектебінің 4 б сынып оқушысы. “Ардагерлер ұйымы” Республикалық қоғамдық бірлестігінің Жамбыл облысы Жамбыл аудандық филиалы,“Жамбыл облыстық мүгедектерді оңалту және бейімдеу орталығы”, Бауыржан Момышұлы атындағы мектеп-гимназиясы, Ю.Гагарин мектеп-лицейі, №1 орта мектебі.
Қатысқандар: «Шұғылы-Радуга» газеті редакциясы қызметкері, Бауыржан Момышұлы атындағы мектеп-гимназиясының 7 сынып білімгерлері, тұрақты оқырмандар және Жамбыл аудандық орталықтандырылған кітапханалар жүйесінің қызметкерлері жалпы барлығы 100 (оқырман қатысты).
Іс шара барысында Еңбек ауылдық кітапханасының кітапханашысы Әсел Назаралының «Кітапхана» арнауы орындалды, Абай Құнанбайұлының шығармашылығынан «Бала Абай» сахналық қойылымы қойылды, 2022 жыл Балалар жылына орай «Сиқырлы таңғажайып ертегілер елінде» тақырыбындағы сахналық қойылым, кітапхананың тұрақты оқырмандарын марапаттау, кітапханшылардың «Мереке» әнінен попури және Шайдана ауылдық кітапханасы, Бесағаш ауылдық кітапхансы кітапханашылардан құралған әншілер көрермен көңілін көтеріп ән салды.
Мақсаты: Кітап – сарқылмас рухани қазына дей келе, білімнің кітап арқылы берілетінін ұғындыру. Кітаптың адам өміріндегі маңызы, ғылым мен білімнің пайдасы жайлы түсіндіру. Кітапқа деген қызығушылықтарын арттыру, оқулықты күтіп ұстауға үйрету.
Тиімділігі: Кітап көрмесінен кітапханаға жаңа 30 оқырман тіркелді.
https://kitaphana-asa.kz/novosti-kz/315-kitap-d-uir-ajnasy.html#sigFreeIdb1f8cdd623
https://kitaphana-asa.kz/novosti-kz/315-kitap-d-uir-ajnasy.html#sigFreeId5fbe8fd6a5
https://kitaphana-asa.kz/novosti-kz/315-kitap-d-uir-ajnasy.html#sigFreeIdb7619ed7f2