«Жыл маманы-2022»
Аудан әкімі Ерлан Қыдыралыұлы @erlan_qydyralyuly республикалық, «Домбыра-Дастан» үздік жас орындаушылар байқауының жеңімпаздарын және облыстық «Кітапханашы - XXI ғасыр мамандығы» ауыл кітапханашылары арасында «Жыл маманы-2022» облыстық байқауы жүлдегері Жамбыл ауданы, Ақбұлым ауылдық кітапханасының меңгерушісі Гулзат Жунисбекованы да қабылдады. Сіздер біздің ауданның мақтанышысыздар. Кітапхана — оқырманның рухани талап-тілегін қанағаттандырумен қатар, әлемдік, ұлттық, әмбебап ақпарат көздерін толық жинақтап, оқырманға жеткізуші болып табылады. ... Қызығы мен қиыншылығы қатар жүретін кітапханашы мамандығы туралы бір ауыз сөзбен жеткізу мүмкін емес.Кітапханашы бүгінде тек қана оқырманға кітап беріп қана қоймай, көптеген маңызды жұмыстарды атқарады, - деген өңір басшысы ризашылығын білдіріп Алғыс хат табыс етті.
https://kitaphana-asa.kz/novosti-kz/316-marapattau-audan-kimi-a-b-lym-auyly.html#sigFreeIdcace48e38c