Жамбыл облысы Жамбыл ауданы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің «Орталықтандырылған кітапханалар жүйесі» КММ

«Жыл маманы-2022» облыстық байқау

Жамбыл облысы әкімдігінің мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының қолдауымен Ш.Уәлиханов атындағы Жамбыл облыстық әмбебап ғылыми кітапханасы «Кітапханашы - XXI ғасыр мамандығы» ауыл кітапханашылары арасында «Жыл маманы-2022» облыстық байы өтті.

 

Заманауи жетістіктерге лайықты әдіс-тәсілдермен кітапхана ісін дамытуға қабілетті кітапханашыларды таныту, кітапханашылардың ауыл тұрғындарына бүгінгі күн талабына сай кітапханалық қызмет көрсетудегі біліктілігі мен кәсіби деңгейін анықтау, кітапхана ісін дамытуда кітапханашылардың жаңашылдық бастамасына қолдау көрсету, кітапханашының кәсіби дамуын ынталандыру, мамандық беделі мен әлеуметтік мәнін көтеру, кітапхана қызметіне жаңа ақпараттық технологиялар мен әдістерін енгізу мақсатында ұйымдастырылған байқауға 35 жасқа дейінгі 8 үміткер қатысты.

 

Байқау шартына сәйкес қатысушылар «Жаңа ой, жаңа қадам, жаңа талап», «Ізденуден талмаған», «Үздік виртуалды кітап көрмесі», «Шабыт», «Кітапханашы феномені» үздік таныстырылым, шығармашылық ізденіс, тренинг номинациялары бойынша өзара бақ сынасып, нәтижесінде бас жүлде және үздік кітапханашы статусын Жамбыл ауданы, Ақбұлым ауылдық кітапханасының меңгерушісі Гулзат Жунисбекова иеленді.