Жамбыл облысы Жамбыл ауданы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің «Орталықтандырылған кітапханалар жүйесі» КММ

Аудандық орталық кітапхананың ұйымдастыруымен «Туған жер» жобасы аясында жергілікті ақын-жазушылармен өтетін «Өлкенің танымал тұлғалары» атты шығармашылық кеш кітапхана оқырмандары  арасында өтті

Аудандық орталық кітапхананың ұйымдастыруымен «Туған жер» жобасы аясында жергілікті ақын-жазушылармен өтетін «Өлкенің танымал тұлғалары» атты шығармашылық кеш кітапхана оқырмандары  арасында өтті.

Мақсаты:  Жастарға жергілікті ақын –жазушыларымыздың шығармаларын насихаттау. Туған жерге деген патриоттық сезімдерін ояту

Кеш қонақтары: Танымал ақын, Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі,барлық тақырыпта қалам тартып жүрген бірден-бір фантаст қаламгер,шахматтанушы, кітапханамыздың белсенді оқырманы Байтанағали Төлентаев, Қазақстан Журналистер одағының мүшесі, ақын, сықақшы, қарымды қаламгер  Болат Жаппарұлы, жуырда жарық көрген «Өмірдің  өзенінде» кітабының авторы Пірімқұлов Сембек Шайхыұлы, Қазақстан Журналистер одағының мүшесі, бірнеше естеліктер жинағының авторы Сансызбай Бертайұлы, Жергілікті  қаламгер  ұстаз күні кеше баспадан шыққан «Өмірдің соқпағымен  өрлеп  келем...»  жинағының авторы  Қайрат Отарбаев, Жамбыл радиосының жетекшісі, Қазақстан жазушылар одағының мүшесі,сатирик-ақын  Әлімқұлов Бақытжан Советұлы қатысты.

Шығармашылық кешті Ақбұлым ауылының тұрғыны Байсүгіров Төлеген  ақ батамен ашты.  Шара барысында ақын-жазушылар өздерінің тағылымы мол шығармалары жайлы айтып, еңбек жолымен, қызықты өмірдеректерімен бөлісіп, Байтанағали ағамыз мерзімді басылым беттеріне шыққан шығармаларын оқып берсе, Бақытжан Әлімқұлов «Жер берші» атты сатирадан үзінді оқып жалғастырса, Болат Жаппаров ән шырқап берді. Іс-шараны кітапхананың жас оқырмандары Рәпілбек Айсауле  Совет Әлімқұловтың « Бала ерлігі», Кеңесбай Асқар - Сұлтан Қалиевтың «Елтаңбасы елімнің», Бақытұлы Жанболат - Байтанағали Төлентаевтың  «Аса», Бақтыбек Айару  - Ашанов  Сайлаухан ағаның  «Туған жер»,  Жақсылық Ақерке  - Пірімқұлов   Сембектің «Құмтиын, Қоржынтоғай Аса өзенім» ,  Әзімбек Алдияр  - Рафаэль Ниязбековтың «Аласарма», Бағызбай Аягөз  - Бақытжан Советұлының «Егер де мен...» атты өлеңдерін  мәнерлеп оқып берді.  Кешке Мәдениет үйінің әртісі Исаева Нүриланың орындауында «Бақытты бол», «Бүлдірген», «Айқаракөз» әндері көпшліктің көңілін көтерді.Кешке арнайы жасақталған «Жергілікті ақын-жазушылар» атты кітап көрмесі, «Қаламы қарымды қаламгерлер»слайд көпшілік назарына ұсынылды.

Нәтижесінде: ақын-жазушылардың мерей тойлары ұлықталып, шығармалары көпшілікке насихатталды.