Жамбыл облысы Жамбыл ауданы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің «Орталықтандырылған кітапханалар жүйесі» КММ

«Түнгі кітапхана!»

Жамбыл аудандық орталық кітапхана және аудандық балалар мен жасөспірімдер кітапханасының ұйымдастыруымен «2022жыл – Балалар  жылы» аясында кітапхана оқырмандары мен қонақтардың қатысуымен «Түнгі кітапхана!» іс –шарасы Аса ауылының  орталық алаңында кең көлемде өтті.

Мақсаты: Балалардың  кітап оқуға  қызығушылығын ояту, жазғы демалыстарын тиімді өткізу, ойлау қабілеттерін дамыту, шапшаңдылыққа, ептілікке тәрбиелеу.

Жүргізуші мерекелік кешті ашып бергеннен кейін келген, «Кітап ханшайымы» балаларды құттықтап, ертегі кейіпкері атаны балалармен ойын ойнауға шақырды. Ата балаларға ертегі кейіпкерлері жұмбақтап, қатысушылар жауабын тапты. Іс – шарада «Қоянның үйі» ертегісі кітапхана қызметкерлерінің сомдауымен сахналанды.

Сонымен қатар, балалар ақыны Ыбырай Алтынсарин «Тышқанның өсиеті» әңгімесі және  балалар жазушысы Әлдихан Қалдыбаевтың «Көлдей көлеңкеге таласқан екеу» әңгімесінің желісі бойынша сахналық көріністерді қуыршақ театры арқылы тамашалады.

Балалар кітапханасының оқырманы Кеңесбай Ұлмекен «Туған жер» әнін нақышына келтіре орындап, мерекеге шашу шашты. Іс - шара балалардың  эстафеталық ойындарымен жалғасты.

Балалармен бірінші ойын «Нысананы дәлде» деп аталды. Қатысушылар екі команда болып жарысты.

«Кім шапшаң, кім зерек?» ойынында балалар қандай зерек және епті екендігін байқатты. Қатысушылар жіп арқылы секіріп барып тақтада көрсетілген есепті шығарды.

Балдырғандармен тағы тамаша ойын жалғастырылды. Ол ойын «Ойлан, тап?» деп аталды. Балдырғандар жұмбақтың шешімін тез тауып, мәре – сәре болысты. Сонымен бірге «Лото» ойыны ұйымдастырылды.

Жеңімпаздарға, қатысушыларға сыйлықтар тапсырылып, тәттілер таратылды. Кітапхана демеушілігімен балалар батутта ойнап, мерекелік кештен көңілдері көтеріліп, жадырап тарқасты. Қамтылған адамдар саны -200 оқырман.